Жақында Халықаралық GOBankingRates рейтингтік агенттігі Қазақстан тұрмысы ең арзан бес елдің қатарына кірді деп мәлімдеді. Тұрмыс жағдайын бағалауда агенттік мамандары Нью-Йорктегі тұрмыс деңгейін басшылыққа алыпты. Тексеру барысында қазақстандықтардың сатып алу қабілеттілігі Нью-Йорк тұрғындарынан 38,2 пайызға төмен екені анықталған. Алайда жергілікті азық-түлік 74,8 пайызға, ал тауарлар мен қызметтер 68,7 пайызға арзан болып шыққан.
Дегенмен бұл күрделі мәселені пайымдаудың басқа түрлері бар. Қазақстан (Әзірбайжан, Ресей, Венесуэла және т.б.) сияқты елдердің сатып алу қабілеті көмірсутектерінің құнына және оның тікелей салдары, доллар бағамына тікелей байланысты.
Түрлі деңгейдегі шенеуніктер мен сарапшылар не десе де, дәл осы валюта бағамы нарықтық бағалар динамикасына, сыртқы саудаға, еліміздің төлемдік тепе-теңдігіне, халықтың табысына тікелей әсер етеді
Осыдан екі жыл бұрын қазақстандықтардың сатып алу қабілеті екі есеге жоғары болатын. Бүгін біз мүлдем басқа жағдайды көріп отырмыз.
365info.kz порталы АҚШ-тағы, Германиядағы, Ресейдегі және Қазақстандағы орташа еңбекақы және азық-түліктің бағаларын долларлық шамамен салыстырып көруге тырысқан еді. Салыстыру соңғы екі мемлекеттегі жағдайдың мәз емес екенін анық көрсетті.
Әлбеттте, біздің шағын зерттеуіміз көптеген параметрлер бойынша абсолюттік болып табылмайды. Мәселен, Қазақстанда (Ресейде де) жемістер мен көкөністерге «науқандық бағалар» деген түсінік бар. Сондықтан біз есепке орташа жылдық бағаларды алдық.
Ал енді— еңбекақы туралы.
Енді Америкадағы еңбекақы туралы. 2016 жылы АҚШ-тағы ең төменгі еңбекақы төлеу — сағатына 10 доллар екен. Қара жұмысшылардың, жүк түсірушілердің, көше сыпырушылардың және т.б. еңбегіне ақы осылай төленеді. Ал медбике айына 7 мың доллардай алады, инженер айына шамамен 9 мың доллар алады. Дегенмен көрсетілген еңбекақылардың шеңберінен елеулі шығатын мамандықтар да бар. Жалпы, АҚШ-тағы орташа еңбекақы (барлық салықтар мен аударуларды алып тастағанда) — айына, шамамен, 4600 доллар деп есептелінеді.
Бір жағынан, АҚШ пен Германиядағы, екінші жағынан, Қазақстан мен Ресейдегі негізгі азық-түлік бағаларына келетін болсақ, олар долларлық шамада орташа айлық еңбекақы сияқты бір-бірінен соншалықты қатты ерекшеленбейді. Бірақ, шынын айтсақ, нан, қызанақ және сыра біздегіге қарағңанда, 2-3 есе қымбат тұрады. Картоп және тауық бойынша — айырмашылық одан да көп. Ал Германиядағы негізгі азық-түліктің бағалары біздікінен айтарлықтай қымбат емес, десек те, онда картоп пен нан қымбат тұрады.
Сүт, сары май, банан – яғни, кеңінен пайдаланылатын азық-түліктер, барлық елдерде шамамен біркелкі. Ол аз болса,
киім, тұрмыс тауарлары, электр техникасы және автомобильдер АҚШ-та Ресей мен Қазақстандағыдан орташа есеппен 20-40 пайызға арзан.
Басқаша айтқанда әр орташа статистикалық қазақстандық өз табысының шамамен 30 пайызын тамаққа жұмсайды.
Сөйтіп, біздің шамалап жасаған сараптамамыз қарапайым тұжырымға әкелді: рубль мен теңгенің күрт девальвациясы нәтижесінде ресейлік және қазақстандық еңбекақылар АҚШ пен ГФР-дағы орташа еңбекақыдан едәуір қалып қойған. Ал онымен бір мезетте, бұл елдердегі негізгі азық-түлік жиынтығының құны долларлық шамамен алғанда Америкадағы және Германиядағы осындай ұқсас жиынтықтармен теңесіп қалған. Міне, осыдан кейін қатардағы азаматтар валюта бағамының өзгеруіне қалай назар аудармасын?
«Қазақстандағы тұрмыс АҚШ-тағыдан неге қымбат болып тұр» деген сұрақтың мәнін басқаларына қарағанда, біздің ойымызша, Заманауи даму институтының кеңесшісі Никита Масленников (Ресей) анық ашып көрсеткен. Оның ойынша, ең бастысы, инфляция қарқыны: «Америкадағы және Ресейдегі (Қазақстандағы да) бұл көрсеткіштер мүлдем салыстыруға келмейді.
Егер АҚШ пен Германиядағы базалық инфляция әрең дегенде 1,9 пайызға жетсе, бізде ол, қалай бұрсаң да жылдық шамада 15 пайыздай болады
Германияда, тіпті, дефляциялық үрдістер байқалуда. Ал барлығының негізі — сақталып отырған экспорттық шикізатқа тәуелділік. Егер болашақта біз тұрғындардың тұрақты табысының өсімділігін арттырмақ болсақ, онда жедел арада экономиканың құрылымын өзгертуіміз керек. Одан басқа жол жоқ».
Орысшадан аударған Қайрат Матреков