Ауғанстандық есірткі трафигі қандай күйге ұшырайды? Парадокс болса да айтайық, жағдай нашарламайды. Chatham House сараптама орталығының мамандары осы мәселе бойынша есеп дайындапты.
Қырғызстан мен Тәжікстан НАТО Ауғанстаннан кеткеннен кейін есірткі трафигі дамуының болашағына түрлі баға берген. Мәселен, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2012 жылы республика сыртқы саясатының Батыспен ынтымақтастықтан Ресеймен достыққа қарай бағыт алған сөзінде Батыс коалиция күштері Ауғанстаннан кетсе, есірткі тасымалы артады деп қорқытпақшы болды деді, бірақ
Батыс коалициясының әскері Ауғанстанда болған 11 жылда есірткі тасымалы артпаса, азайған жоқ
2009-2010 жылдарда ауған героинінің, шамамен, 25 пайызы Орталық Азияға бағытталды, ал осы көлемнің 85 пайызы Ресейге арналған еді. Аған апиының 85 пайызы ТМД-ға Тәжістан арқылы жеткізіледі, оның шекарасы бойында солтүстік Ауғанстанның аумағында есірткі зертханаларының жүйесі орналастырылған. Есірткіні ары қарай тасымалдаудың келесі нүктесі Қырғызстан болды, мұнда ол Баткен облысының оңтүстігінен жеткізіледі, ары қарай Қазақстан мен Ресейге тасымалданады.
Өзбекстан арқылы Ресейге ұшатын әуе жолдары шектеулі. Әрине, есірткі керуенінің ежелгі жолы Тәжікстандағы Таулы Бадахшаннан қырғыздың Ошына апаратынын ұмытуға болмайды.
Chatham House келесі жәйтті ирониямен атап өтуде
есірткі мафиясына шетел инвестициялары да көмектесті, өйткені олар Ауғанстан мен Тәжікстан арасындағы сауданы жандандыру мақсатында жол инфрақұрылымын дамытуға және Пяндж өзені арқылы өтетін көпір құрылысына бағытталды
2007 жылы аяқталған көпір құрылысына 33 миллион доллар жұмсалған, бұл ақша АҚШ үкіметі тарапынан бөлінген.
Есірткі тұтынатын контингентті талдау және кейбір жергілікті мамандардың хабарламалары Chatham House мамандарына есірткі бизнесінің шартты үш „арнасы„ бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
Chatham House посткеңестік Орталық Азияның элитасы Ауғанстандағы үрдістер салдарынан көршілес Орталық Азияға босқындар қаптамайды деп сендіреді.
Орталық Азия қоныстануға соншалықты қолайлы аймақ емес, әйтпесе, ауғанстандық босқындар ағыны Қырғыстан мен Тәжікстанды баяғыда басып тастар еді
2001 жылы Талибан Ауғанстанның солтүстік провинцияларына дендеп еніп, Пянджшер алқабын басып алған еді. Сол кезде босқындар өздерінің жүйелері мен ұйымдарын қалыптастырған Пәкістан мен Иран оларға жеткілікті мөлшердегі қолайлы жағдай ұсынған еді, бірақ Тәжікстан оңтүстіктен келетін босқындарға жылы шырай танытқан емес. Тәжікстанның оңтүстігінде 90-жылдардағы азамат соғысынан кейін отанынан кеткен ауған босқындарының шағын диаспорасы бар, бірақ бұл адамдарға өте қатаң шектеулер қойылған. Олардың көпшілігі Тәжікстан аумағында 10 жыл және одан көп уақыт тұрады, бірақ үкімет органдары оларға әлі күнге дейін азаматтық бермей отыр.
Орталық Азияда экономикалық байланыстар дамымаған. Осы аймақ елдерінің ынтымақтастығын дамытуға керемет мүмкіндіктер бар, бірінші кезекте, энергетика саласында.
Ауғанстанның Қырғызстанмен және Тәжікстанмен ынтымақтастығының әлеуетін көтеруге Ауғанстандағы шешілмеген мәселелер — Кабулдағы билікпен және толық провинциялардың бейресми қожайындарының арасындағы айырмашылық, сондай-ақ Ауғанстанның этникалық «қамал-провинцияларға» бөлшектену қауіпі тежеп отыр.
Әзірше, Chatham House Ауғанстандағы шиеленістің жалғыз экономикалық кемшілігі ретінде бүкіл Орталық Азияның уыстан шығарып алған мүмкіндіктерін есептеп отыр. Бұл кемшіліктердің орнын АҚШ „Жаңа Жібек жолы„ (редакциядан: осылай аталатын қытайлық жобамен шатастырмаңыздар) тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы толықтыруға тырысуда. Осы жоба шеңберінде Ауғанстан экономикасы көршілес елдерге тығыз байланатын болады. Оның мақсаты — Орталық және Оңтүстік Азияны, Қытай мен Таяу Шығысты Ауғанстан арқылы қосатын сауда хабын құру.
Орталық Азия елдері американдық „Жаңа жібек жолын„ Ауғанстанды мүлдем бөтен аймаққа механикалық түрде жасанды байлап қоятын тетік ретінде бағалап отыр, ал басқа жаһандық ойыншылар АҚШ-тың бұл талпынысынан ҚХР мен Ресейдің тасасында саяси ұпай жинау ұмтылысын көріп отыр.
Chatham House сарапшылары аймақтағы негізгі екі жоба — Электр энергиясын жеткізу жобасы мен Орталық және Оңтүстік Азия (CASA-1000) саудасы және «Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан» (ТАПҮ) — қиындықтар мен кідірістерге тұрақты тіреліп отыр.
Жоба табысты жүзеге асса, Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғанстан мен Пәкістанға кабельдермен жазғы пайдалану кезінде өндірілетін 1300 мегаватт артық электроэнергия жіберілуші еді.
Алайда алғашқы кедергі дабыра көрсетілген шығыстық есептер болмақ. 2014 жылы Дүниежүзілік банк тобы және Исламдық даму банкі жобаны қаржыландыруға келіскен-ді, тіпті, қатысушы-елдер арасында тиісті келісімге қол қойылған-ды, бірақ әзірше, ешнәрсе орнынан қозғалған жоқ.
Chatham House CASA-1000 жоспарлау кезінде фактілерді дұрыс бағаламаудың салдарынан жүзеге аспай қалған тағы бір жоба ретінде қалады деп есептейді. Мәселен, Ауғанстанда инфрақұрылым салу қажеттігіне байланысты тәуекелдерге қосымша, бұл жоба жеткілікті мөлшердегі электр энергиясының көлемін ала ма, бұл түсініксіз. Орталық Азияның өзінде электр энергиясын тұтыну тұрақты өсу үстінде, сондықтан бос электр энергиясының көлемі жылдан-жылға қысқара бермек. Тәжікстан 2007 жылдан бастап Ауғанстанға электр энергиясын жеткізген, бірақ соңғы уақытта оңтүстікке жіберілетін ваттарды қысқартуға мәжбүр болған. Рогун өзеніндегі гидроэлектростанция каскадтарынан өндірілетін электр энергиясының қосымша көлемдеріне қол жеткізбей, Тәжікстан электр энергиясын экспорттаудың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Рогун ГЭС-і жобасына Өзбекстан табанды қарсылық танытуда, өйткені Рогун бөгеті, егер ол салынса, Орталық Азиядағы су қорын басқарудағы күштердің тепе-теңдігін түбегейлі өзгертеді.
ТАПҮ құбыры да көптеген қиындықтарға тап болуда. ТАПҮ құрылысының құны 8 миллиард АҚШ долларына бағаланған еді, бірақ бүгінгі күнге дейін осы соманың қамтамасыз етілетініне сенім жоқ. Жоба да қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тәуекелдерге тап болуда, бұған жергілікті жердің күрделі бедерін, түркімен газының құрамында күкірттің жоғары болуы мен Иран мен Катар лобби жасап отырған бәскелес-жобаларды қосыңыз.
Тіпті, Ауғанстанда аяқ астынан бейбітшілік пен тұрақтылық орнаса да бұл едің көршілерінің экономикасымен интеграциялануына қиындық тудыратын кедергілер азаймаушы еді. Әлеуеті түрде көршілермен қақтығыстық мәселелер — су мен энергетика. Ауғанстан су мәселесі бойынша Орталық Азия елдерімен келіссөздерде маңызды қатысушы бола алады. Десек те, посткеңестік республикалар өздерінің XX-ғасырдың 90-жылдарындағы Амудәрия бассейніндегі суды бөлу және басқару жөніндегі өздерінің пікірталасына Ауғанстанды кіргізбеген еді. Кейбір сарапшылар, экономикалық дамуға қол жеткізген жағдайда, Ауғанстан пікірталас үрдісіне белсене атсалысып, 1964 жылғы КСРО-мен келісімге сәйкес, өзінің құқығы бар Амудәрия мен Пяндж өзендеріннің суларындағы үлесін талап етеді. Қазіргі таңда Ауғанстан аталған келісімге сәйкес, белгіленген квотаның тек 25 пайызын пайдаланып отыр. Бұл солтүстіктегі көршілермен қатынастағы қиындықтарға ұласуы мүмкін.
Орталық Азиядағы республикалар судың жетіспеушілігінен қатты зардап шегіп отырған жоқ, бірақ құнарлығы төмендеген жердегі егінді суаруға судың өте көп мөлшерін пайдаланады. Сол үшін
кейбір халықаралық ортада Орталық Азияны „планетадағы суды ең көп пайдаланушы„ деп атайды
Аймақтағы экономикалық интеграцияны жүзеге асыруда басқа кедергілер де жеткілікті. Өзбекстанның Қырғызстан мен Тәжікстандағы ГЭС жобаларына кедергі келтіретініне қосарымыз, сонымен қатар, ол Ресей мен Ираннан Тәжікстанға теміржол қатынасын дамытуға тосқауылдар тудырып, Түркіменстаннан Тәжікстанға өз аумағы арқылы транзитпен электр энергиясын жеткізуді жауып тастады.
Десек те, жағымды жақтар да бар. Мәселен, „Түркіменстан-Ауғанстан-Тәжікстан„ темір жолының құрылысы, оның аяқталуы 2016 жылға белгіленген. Бұл Тәжікстанға Өзбекстанның саяси пиғылына қарамастан сауданы дамытуға мүмкіндік береді. Атап айтарлығы, Түркіменстан арқылы солтүстік Ауғанстанға электр энергиясын жеткізу желісін салу өзбек озбырлығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков