Белгілі қаржыгер Олжас Құдайбергенов Ұлттық банк теңгемен болып жатқан ахуалға әсер ете алады және солай жасауы керек, деген сенімде. Мұндай жағдайға жол бермеуге де болушы еді.
Валюта айырбастау орындарында таблодағы цифрларды ауыстып үлгермей, теңге сағат сайын құлдырап жатқанда, Қазақстанның Ұлттық банкі үнсіз отыр. Қаржы саласындағы бас реттеуші тарапынан еншқандай ресми түсініктеменің болмауын мамандар Ұлттық банктің айтары жоқ деумен түсіндіруде. Олжас Құдайбергеновтің пікрі бойынша,
қазіргі сәтте еліміздің бас банкі және оның басшысы жалпы, мұндай жағдайда не істерін білмей отыр
Олжас Құдайбергенов, экономист:
— Жалпы, теңгенің құлдырауы барлық болжамдардан асып кетті. Біз қазір қандай да бір бәсекелестік туралы әңгіме көтерілмейтін кезеңде тұрмыз. Менің білуімше, Ұлттық банктің осы жағдайдан шығу жөніндегі ешқандай кешенді жоспары жоқ.
Қазір «тепе-теңдік бағамы» түсінігі жұмыс істемейді. Теңге мұнай бағасының әр ауытқуына тәуелді болып отыр. Ал бұл бізде валюта саясаты жоқ дегенді білдіреді
Қазір валюта таза сыртқа шығарылып жатыр. Импортқа тәуелді елдегі еркін бағам тәртібі айналып келгенде өзімізге соққы болып тиуде. Ал Ұлттық банк теңгенің күнделікті аздап құлдырауына қол жеткізуге тырысуда, бірақ бұл теңге одан ары да құлай береді деген ойды нығайта түсуде.
— Ағымдағы ахуалдағы ең тиімдісі — теңгені біртіндеп әлсіретуге мүмкіндік беретін тиянақталған тәртіп, ол нарық бағамының қалай қарай қозғалатынын түсінетін болжам жасауды қамтамасыз ете алады. Ал
еркін бағам тәртібі елімізге келетін валюта одан әкетіліп жатқанынан көп болған жағдайда орын алуы мүмкін. Немесе мұнай бағасы барреліне 60 доллардан асқан жағдайда.
Ал Ұлттық банк бағам болжаушылығын қамтамасыз етуден алшақтаған сайын, нарық әрбір жағымсыз жаңалыққа әсер етіп, оны ары қарай құлата береді.
Естеріңізге салсақ, Қазақстандық қор биржасының 12-қаңтардағы ертеңгілік саудасының қорытындысы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 362,62 теңгені құрады. Бір күнде доллар 5 теңгеге қымбаттады, сөйтіп, күндізгі сауда көлемі 79 800 мың АҚШ долларына тең болып, бағам 367,61 теңгеге дейін көтерілді. Түске таман айырбастау орындары америкалық валютаны 370 теңгеден сатып жатты.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков