Air Astana-ны сатудың әдісі — халықтық IPO, мерзімі — 2 жылға жуық. Air Astana компаниясын сату жөніндегі қызу пікірталас осындай ымырамен аяқталды.
Ұлттық экономика министрлігі (ҚР ДжИМ) 65 компания кірген жекешелендіруге жататын нысандар тізімін жариялады, оған басшылығы өзінің бұрынғы мәртебесін сақтауды өтінген Air Astana да кіріпті.
2015 жылғы қыркүйектің соңында Орталық коммуникациялар қызметіндегі (ОКҚ) брифингте премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев 60 ірі компанияларды жекшелендіру туралы жаңалықты хабарлаған кезде, барлығы мұны байсалды қабылдаған-ды. Тек Air Astana ғана қарсы шыққан еді.
Істің мән-жайына келсек, Air Astana-ның әлеуетті иесі Катардың ұлттық тасымалдаушысы Qatar Airways компаниясы болушы еді. Британдық BAE Systems (акциялардың 49 пайызы соның иелігінде) пен катарлық Qatar Airways-тың қосылуын кейбіреулер «ақырзаман» ретінде қабылдады. Air Astana-ның барлық қызметкерлері Watsapp бойынша өз мүдделерін қорғауға шақырған төмендегідей хабарлама алған:
«Әлемнің, аймақтың және елдің ең табысты және тез дамушы тәуелсіз компанияларының бірінің 13 жылдық тарихы осылай аяқталуы мүмкін, – делінген хабарламада. – Наразылық білдіруге және өз тәуелсіздігімізді, өз еңбегіміздің жемісін және еліміз бен компаниямыздың болашағын қорғауға дайын болыңыздар.… Әлемдік дағдарыс пен сыбайлас жемқорлық ең табысты деген компаниялардың өзін құлдыратуда, бірақ сонымен қатар біз бұған қарсы тұрып, тәуелсіздікке қол жеткізіп, жайма-шуақ болашағымызды қамтамасыз ете аламыз…»
Бір мезетте бірқатар БАҚ-та мұндай келісімнің орын алуы мүмкін жағымсыз салдарлары туралы мақалалар пайда болды: авиакомпанияны сату қажет емес, өйтсе компания халықаралық рейстерді орындай алмайтын болады-мыс. Тек мемлекеттің үлесі арқасында халықаралық рейстерді орындауда компанияның құқықтары шектелмеген.
Сөйтіп, республиканың басты авиатасымалдаушы Qatar Airways компаниясын өзінің стратегиялық серіктесі ретінде қабылдағысы келмейді және ол бұған жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолданды.
Air Astana-ны бәсекелес ортаға шығаруға ұсынылған кәсіпорындар тізіміне қосылғанын хабарлаған баспасөз баянында көрсетілген жағдайға Азаматтық авиация комитетіне араласуға тура келді.
Десек те, Air Astana жекешелендірілетін нысандар тізімінде қалды. Ұлттық экономика министрлігіндегілер авиакомпанияға қатысты шешімдердің неліктен бірнеше рет өзгертілгеніне түсініктеме берген жоқ.
Есесіне жекешелендіру әдісі өзгерді. Енді бұл мемлекеттің үлесін басқа мемлекетке қарапайым сату емес —
Air Astana акцияларының 51 пайызын халықтық IPO арқылы сатады
Компания басшылығының пікірі бойынша, бұл тамаша шешім —
өйткені мұндай сатылымды дайындауға 2 жыл кететіндігінен шығар
Бұл Air Astana-ның BAE System-дегі британдық акционерлерінің көңілінен толық шығатын сыңайлы. Дегенмен компания ішіндегілер қуануға басқа себептердің бар екенін алға тартады: өйткені авиакомпанияға тиімді бақылау жасау не Қазақстан Республикасына, не оның азаматтарына тиесілі болған жағдайда ғана әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімдерге сәйкес, шетелдік мемлекеттерге халықаралық рейстер жасау құқықтары шектелмейтін болады.
Міне, осылай бұл мәселенің тиімді шешімі табылды — Air Astana-ны сатады. Қазақстан халқына. Бірақ жақын арада емес.