Қазнет қайтадан ашуға мінді: пайдаланушылар сатылымнан теңге бейнеленген қаптамаға оралған ресейлік кәсіпорындар шығарған конфеттерді байқаған. Астана тұрғыны Шыңғыс Лепсібаев өзінің наразылығын Facebook арқылы білдіріпті.
БАҚ анықтағандай, дау тудырған қаптаманы пайдалану идеясын ресейліктерге өзіміздің отандасымыз, алматылық Қасен Оспанов ұсыныпты, ол, тіпті, осы қаптамаларға оралған конфеттер жобасы авторларының құрамын да кіріпті. «Валюлық қаптамаға» оралған тәттіні ресейлік өндірушілер бұрын да шығарыпты — олар конфеттер қаптамасын АҚШ долларының және еуро бейнесімен әрлеген.
Қазіргі таңда «теңгелік» конфеттерді Қазақстан мегаполистері — Алматыда, Астанада және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның солтүстігіндегі бірқатар қалаларда сатып алуға болады.
«Бұған теңгенің қандай қатысы бар, неліктен Ресейде мұны ешкім бақыламайды, біз соттасудың орнына мұны неге жағымды жағынан қабылдап жатырмыз.
Мұның өзіндік мағынасы бар: алдымен біз үн қатпай Германияда сауда маркасы ретінде тіркеуге және бүкіл ұлттық тағамдарымызға (қымыздан бастап) құқықты бердік, одан кейін Рахатты сатып жібердік…, — деп жазды Лепсібаев әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына. — Қазір басқа үрдіс орын алған… жаңалықтарда мұндай конфеттердің (ұлттық валюта бейнеленген) қажет емес екендігі туралы айтылғанына қарамастан, олар жап-жақсы статылып жатыр».
Елорда тұрғыны өзінің пікірін «Қашанғы осындай келеңсіздіктерге жол береміз?» — деген сұрақпен аяқтапты.
Эмоцияның аты эмоция — осындай кондитерлік «ноу-хауға», яғни жаңалыққа ашулануға бола ма, мұны оқырмандардың еншісіне қалдырайық. Назарларыңызға осы қырсықты конфеттердің суреттерін ұсынамыз.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков