Көлік кептелісі мәселесін шешіп, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында Алматыда ақылды көлік жүйесін және көпқабатты тұрақтар құру қарастырылуда. «365info» порталына осы инновациялық жобалардың кейбір қыр-сыры белгілі болды. Олардың алғашқысы бекітіліп үлгерсе, қалғандары қарастырылуда.
Жүргізушілерді жолдағы жағдайдан хабардар етіп отыру үшін жоба авторлары қалада 150 ақпараттық экран орнатпақшы, олардың 10 данасы 2015 жылдың соңына дейін іске қосылмақ. Жобаның ұйытқысы болған Жанат Мәлбеков сендіргендей, олар су өткізбейтін, аязға және аптап ыстыққа төтеп беретін материалдардан жасалады.
Мұндай алғашқы ақпарат экраны қазірдің өзінде Фурманов көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан. Табло жолдардың жүктілігі және қозғалыс жылдамдығы, сондай-ақ қай көшенің қай жерде екені, қай жерде жол жөндеу жұмыстары жасалып жатқаны және жақын маңдағы тұрақта қанша бос орын бар екені туралы хабарлайды. Бұл ақпарат жүргізушілерге қозғалысты таңдаған бағдармен жалғастырған дұрыс па, әлде айналма жол іздеген жөн бе, деген сұраққа жауап беруге көмектеседі деп жоспарлануда. Ақпарат жиналған мәліметтерден автоматты түрде қалыптасады.
Қондырғыларда дабыл түймешесі де бар, оны басып, жақын маңдағы патруль экипажын шақыруға болады.
Экранда ауа-райы туралы ақпарат та беріледі. Жоба авторлары табло 37 айдан кейін өзін-өзі ақтап шығады деседі. Өйткені онда жарнама да оналастырылады.
Бұл жоба – терең зерттеуге негізделген. Бұл дегеніңіз, қатты ластанған және дұрыс орналастырылмаған көлік номірлерін оқу, сонымен қатар, көптеген шет мемлекеттердің тіркеу белгілерін оқу қабілеттілігін білдіреді. Ондағы технология тіркеу белгілерінің барлық дерлік түрлерін тануға қабілетті. Жоба авторларының айтуы бойынша, мұның пайдасы өте зор. Статистика бойынша, қазіргі камералар нөмірі лас және дұрыс орналастырылмаған жүргізушілер тарапынан жасалған ереже бұзушылықтың 30 пайызға дейінгісін ғана тіркейді, ал шетелдік азаматтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдар туралы ешқандай ақпарат алмайды. Осы жүйе бұл әділетсіздікті түзетуге қабілетті, ол аз болса, – көлік қозғалысы ағынындағы қай машинаның техникалық байқаудан өтпегенін анықтап, оны жақын маңдағы патруль экипаждарына жеткізуге қабілетті.
Жоба авторлары өздерінің жаңа бағдарламасы бойынша қозғалысты реттейтін «ақылды» бағдаршамдарға да үлкен үміт артып отыр.
Бірақ қаладағы бейнебақылау жүйесін жақсартудың бағасы әлі айтылған жоқ.
Алматы тұрғындары үшін тұрақ тақырыбы өте өзекті. Қаладағы көлік саны артып келеді, бірақ машинаны түнге қаңтарып кетуге көшелер мен аулалардан басқа жер жоқ. Қала билігі көптен бері көпқабатты жер асты тұрақтарын салу жөнінде уәде беруде, бірақ әлі күнге дейін сөзден іске көше алмай отыр.
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, «Қазақкөлікқұрылыс» бас директорының орынбасары Виталий Новожилов билік басындағыларға көмек көрсетуді жөн көріп, көп деңгейлі тұрақтардың жобасын дайындапты. Өз жобасында ол үйлердің ауласында көпқабатты «балауыз»-тұрақ салуды ұсынып отыр.
– Мұндай гараждарды шағын аулада орналастыруға болады, – дейді өнертапқыш. – Автомобиль саны қабаттылыққа байланысты: 8 сотық жер және бес қабат 87 автомобиль орналастыруға қабілетті. Әлемде мұндай жобаның тікелей баламасы жоқ, ол өте ыңғайлы, қажет жағдайда жылдам жиналады, жылдам бұзылады.
Мұндай тұрақ жерасты тұрақтарын салудан анағұрлым арзанға түседі. Бірақ жаңалық иесі құрылымдағы жалғыз автокөтеруші істен шықса, не болатыны туралы айқан жоқ. Әдемі теория біздің күнделікті күйкі тұрмысымыздың қиындықтарына төтеп бере алмауы мүмкін.
«Қазақкөлікқұрылыс» бас директорының орынбасары Виталий Новожиловтың екінші жобасы – жолдардың екінші қабаттарын салу есебінен қаладағы көлік ағынының үлкен болу мәселесін шешуге мүмкіндік бермекші.
Мұндай жағдайға тот басуға қарсы тұру қабілеті өте жоғары материалдар пайдаланатын болады. Жоба құрылымдарды ауыстыруды қажет етпейді – соның есебінен оған көп шығынның қажеті жоқ. Мұнда негізгі көлік ағынымен қатар вело- және жаяу жүргіншілер жолдарда болуы мүмкін.
Материалдың өзі оңай тазартылады, ылғыл тартпайды және аязға оңай төтеп береді.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков