Нью-Йорктік құрылыс жүргізуші Джозеф Четрит Храпуновпен және Әбіләзовпен ынтымақтастықта бол,аны үшін қылмыстық жазадан босатылса, Манхэттенде орналасқан Flatotel отеліндегі өзінің үлесін беруге келісті.
Нью-Йорктік құрылыс жүргізуші қазақстандық билікпен ынтымақтасуға және Манхэттенде орналасқан отельдегі өзінің үлесін беруге келісті. Бұдан біраз бұрын Алматы әкімдігі мен БТА банк құрылыс жүргізуші Джозеф Четриттің үстінен азаматтық арыз беріп, оны АҚШ-тың мүлік нарығы арқылы ақшаның ізін жасыруға көмек көрсетті деп айыптаған болатын. Мұхтар Әбіләзов Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны осы отельдің құрылысына құйды деп болжанған. Жақын күндері Джозеф Четрит талапкерлермен біріккен мәлімдеме жасады: «Дау өзара тиімді шарттармен шешілді».
Осы орайда, атап айтарлығы, Четритті бұрынғы іскер серіктестері тарапынан, атап айтқанда, Мұхтар Әбіләзовтың белгілі талаптарынан қорғау туралы келісімге қол жеткізілді. Мәлімдемеде «Алматы билігі және БТА Банк барлық тармақтар бойынша Джозеф Четриттің, Четрит Груп ААҚ-ның және онымен үлестес компаниялардың үстінен берілген арыз-талаптан бас тартты», делінген.
Дауды шешу барысында
Четрит қазір көп пәтерлі үй болып қайта салынып жатқан Манхэттендегі бұрынғы отель, Флэтотель нысанындағы өзінің үлесін Алматының және БТА банктің есебіне аударуға келісті.
Жылжымайтын мүлікпен таныс дереккөзінің ақпаратына сәйкес,
берілген үлес 75 миллион долларға жуық немесе одан да көп соманы құрауы мүмкін
Сонымен қатар, Четрит Флэтотельде, шамамен, берілгенге пара пар өз үлесін сақтап қалды деп хабарлануда.
Алайда Четриттің неліктен осыдан біраз бұрын АҚШ-тың округтің сотына берген арыз-талабында өзін ақшаның ізін жасырушы ретінде көрсеткен Алматы билігімен және БТА банк өкілдерімен ынтымақтасу туралы шешім қабылдағаны түсініксіздеу болып тұр. Сондай-ақ талапта Мұхтар Әбіләзовтың және қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың аты-жөні көрсетілген болатын, ал олардың біріккен әрекеттерінен келтірілген шығын 18 миллиард долларға бағаланды.
Арыз-талапта Әбіләзов пен Храпуновтың Четритпен, кем дегенде, 40 миллион доллардың ізін жасыру үшін, оны Флэтотель қонақ үйі мен Кабрини Медициналық Орталығына құю туралы келісім жасағаны айтылады.
Храпуновтың өкілі Четритпен жасалған келісім бойынша түсінік беруден бас тартты.
Естеріңізге салсақ, Әбіләзов БТА банктен миллиардтаған доллар жымқырды деп айыпталса, Храпунов Алматы қазынасынан шамамен 300 миллион доллар ұрлады деп айыпталған болатын. Алаяқтарға қарсы күннен күнге асқынып бара жатқан халықаралық тексерулер барысындағы тексерістерден бұлтару мақсатында заңсыз активтер Нью-Йорктегі жылжымайтын мүліктерге орналастырылған болатын. Қазақстандық тараптың талап-арызына сәйкес, Четрит өз жобаларында Әбіләзов пен Храпуновтың ақшаларын пайдалануға келіскенде, оларға қарсы қылмыстық істердің қозғалғанын білген.
АҚШ-тағы дәулетті сатып алушылар көп ретте бір нәрсе сатып алғанда оны жауапкершілігі шектелген қоғамдар арқылы рәсімдеп, өздері көлеңкеде қалуды жөн көреді. Ақшаның ізін жасыру жөніндегі сарапшылар байлықты қылмыстық жолмен тапқандарға өзінің активтерін жасыруға бұл салада үлкен мүмкіндіктер бар екенін ескертуде. Бантер мен брокерлік агенттіктер жылжымайтын мүлік саласына қарағанда, неғұрлым қатал бақылауға алынған және өз клиенттерінің сезікті қызметі туралы хабарлауға міндеттелген.
Алматы мен БТА банктің заңды өкілі Мэтью Л.Шварц федералдық судьяға оның клиенттері Четритпен келісімге келгенін, бірақ олар Әбіләзов пен Храпуновтан өз ақшасын өндіргісі келетінін, сондай-ақ оларға ақшаның ізін жасыруға Нью-Йоркте пайдаланған инвестициялар нысандарын қайтарып алғысы келетінін жеткізді».
Дереккөзі: The wall street journal
Орысшадан аударған Қайрат Матреков