Өздеріңіз білетіндей, әлемнің көптеген елдері мұнай өнімдерінің бағаларын реттеп отырады. Алайда біраз жылдардан дамыған елдерде бері реттеуден бас тарту үрдісі байқалып отыр. Шындап келгенде, барлық дамыған елдер – АҚШ, Еуроодақ елдерінің басым көпшілігі, Жапония – бағаны бақылаудан осыдан 25-30 жыл бұрын бас тартқан. Мұндай жол Қазақстанға лайықты ма?
Көптеген сарапшылардың есептеуінше, мәселен, ресейлік сарапшы Михаил Перфиловтың ойынша, бензин бағасын бақылау тек жағымсыз жәйттерге әкеліп соғады: тапшылық, кезектер, тұтынуды нормалау, сыбайлас жемқорлық, мұнай өңдеу саласының стагнациясы.
Шолушының пікірінше,
21 ғасырда мұнай өніәмдерінің бағасын реттеу — халқының басым көпшілігі кедей дамушы елдердің еншісіндегі дүние.
Мұнай өнімдеріне әлемдік бағалар қоюға бұл елдердің қауқары жетпейді. Сондықтан ондай елдердің үкіметтері бензин мен дизель отынын қолжетімді ету үшін бағаларды белгілі деңгейде ұстауға субсидия бөлуге мәжбүр. Мұндай дотациялық саясат бюджеттегі орасан зор тапшылыққа әкеліп соғады. Сондықтан көптеген үкіметтер (Үндістанның, Иранның, Индонезияның) бағаларды субсидиялаудан кезең кеземен бас тарту туралы жоспарларын жариялады. Мұның орнына олар кедейлерге мекен-жайлық субсидиялауды жүргізбекші.
— Бағаларды тікелей реттеу саясатқа байланысты болып отыр, — деп есептейді Перфилов. — Әдетте, халық үкіметтен жанармай бағасын бақылауды талап етеді. Мәселен, Венесуэла билігі халық толқулары орын алатындықтан бағаны көтеруден қауіптенеді.
ЛУКОЙЛ басшысы Вагит Алекперов те бензин бағасын мемлекет тарапынан реттеу тек жанармай тапшылығына әкеліп соғады деп есептейді.
Алекперов бүгін бензин Ресейде көрші елдердегіден, шамамен, екі есе арзан екенін атап өтті.
Сондықтан биліктің бензин бағасын бір деңгейде ұстауға ұмтылысы, оның шетелдерге, неғұрлым тиімді нарықтарға шығарылуына әкеліп соғады.
«Әлемдік нарықтан бөлініп, ішкі нарықты реттеуге болмайды – біз оның бөлігіміз», — деп мәлімдеді ЛУКОЙЛ басшысы. Оның үстіне, сала негізінен шетелдерде өндірілетін құрал-жабдық сатып алуға мұқтаж, а компанияның мұнай өнімдерін сатудан басқа қаржыландыру көздері жоқ.
Алайда, мұнай өнімдерінің бағасын мемлекет тарапынан шетелдерде реттеу бойынша басқа пікірлерде жоқ емес. Мәселен, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы энергетика мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Иван Грачев, Құрама Штаттарда бағаларды реттеу Ресейге қарағанда, неғұрлым қатал қойылған деп санайды.
«Керемет құдыретті нарықтық тетіктер туралы барлық аңыздар адамдар экономикамен шындап айнылысатын жерде сол баяғы аңыз болып қалады,
— деп мәлімдеді Грачев. — Электр энергиясына келетін болсақ, мен жақсы білемін, алғашқы энергия тасымалдаушылар, мәселен, мұнай, бағасының 15 есе ауытқығанына қарамастан, олар электр энергиясының бағасын 20 жыл бойы 15 пайыздық дәлдікпен тұрақты ұстап отырды. Мұның нарықтық тетіктермен жүзеге асырылғанын көз алдыңызға елестетуге болмайды, олай болуы мүмкін емес».
«Бензин бағасы төмен болған сайын, АҚШ-тағы логистика соғұрлым арзан болады, — дейді осы тақырыптағы әңгімені ары қарай сабақтаған шолушы Саид Джамаев (Әзірбайжан). — Ал ендеше, тауар арзан болса, оған сұраныс та артады. Қатардағы американдықтар өздері жанармайдан үнемдеген ақшаларын қуана-қуана сауда орындарына апарады.
ТМД елдеріне келетін болсақ, жанармай бағасын өсіру осы мемлекеттердің экономикалық құрылымымен таныс адамдардың ешқайсысын таң қалдырған жоқ.
Баға бәрібір өседі, өйткені мұнай экспорты — Қазақстанның, Әзірбайжанның Түркіменстанның мемлекет ретінде өмір сүруінің, яғни, сақталуының кепілі».
Орыс тілінен ауданған Қайрат Матреков