Бензин қымбаттайтын болады: үкімет мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдады. Энергетика министрі Владимир Школьниктің болжамы бойынша, АИ-92 литрі 140-150 теңге тұратын болады.
– Мүмкін, 140, мүмкін — 150, немесе 142 теңге тұратын болады, – деп хабарлады брифинг кезінде энергетика министрі.
Сарапшылар мұнай өнімдерінің бағасын реттеуден бас тартқанннан кейін жанармай құнының табан асты шарықтайтынын болжап отыр:
– Бұл өте қынжыларлық жағдай, – дейді Энергетика министрлігінің шешіміне түсініктеме берген ҚР БжҒМ Экономика институтының қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Олег Егоров. – Соңғы екі аптада үкіметтің жанар-жағармай бағасын өсіруді жоспарлап жатқандығының нышандары болды.
– Қандай?
– Елімізде бір айлық жанармай қоры қалды, соған қарамастан екі зауыт жөндеуге байланысты өз жұмыстарын тоқтатты. Ендеше, оны сатып алу керек. Қайдан сатып аламыз? Ресейден. Бірақ ресейлік бензин біздікінен қымбат.
– Бірақ мұнайдың бағасы үш есе құлады емес пе.
– Бізде бензин бағасының қандай формуламен есептелетінін біз білеміз. Бірақ ол формула еш нәрсе айтпайды, оның құрамдас бөліктерінің көп болғаны соншалық, басыңды қанша қатырсаң да, бәрі бір ешнәрсені түсінбейсің. Мәселен, формула жанармайды Италияға жеткізуді есепке алады. Бұл біздің ішкі бағамыз болса, оған Италияның қандай қатысы бар? Жалпы, баға белгілеуде жаппай былық орын алған.
– Министр Школьник АИ-92 маркасындағы бензинің жаңа бағасын атады: литріне 140 -150 теңге. Қалай ойлайсыз, бұл ақылға қонымды баға ма?
– Соңғы жылдарда жанармай бағасы жылына екі рет өседі. Әр жолы халық наразылық білдіріп, оны негіздеуді талап етеді, бірақ ешкім еш нәрсені түсіндірмейді, өйткені мұнай арзандап жатыр емес пе. Сондықтан бір ннәрсе ойлап, басты қатырмай, жәй «еркін айналымға жіберуді» шешкен. Жанармай бағасын ырықтандыру үкіметке дағдарысты еңсеруге көмектеседі, өйткені бюджетті толықтыру қажет. Ал жанар-жағармайды өндіру және сату бюджетті толықтыратын салалардың бірі. 140-150 теңгені құрайтын баға қаншалықты ақылға қонымды? Егер Ресеймен теңестіретін болсақ, онда баға, шамамен, 120 — 130 теңге, оған тасымаллдауды бөлшек сауда үстемесін, салықтарды қосыңыз
– Баға өсуін қашан күтеміз? Тура ертең бе?
– Жақын уақытта, қыркүйектің бірінші жартысында орын алуы ғажап емес.
Орыс тілінен ауданған Қайрат Матреков