2014 және 2015 жылдардағы екі девальвация нәтижесінде Қазақстандағы долларға шаққандағы еңбек құны қазір, тіпті, Қытайдағыдан да төмен.
Жақында ғана Қазақстан еңбекақы бойынша тек ТМД ғана емес, сонымен қатар Еуразияның көп бөлігінде көшбасшы орында болған еді. Алайда теңгенің соңғы девальвациялары бұл көрсеткіш бойынша біздің елімізді Қытаймен бір деңгейге түсірді.
Егер теңгенің долларға шаққандағы және юаньның долларға шаққандағы ресми бағамдарын және еңбекақы бойынша ресми статистиканы пайдалана отырып есептесек, келесі жағдайды көреміз:
Қытай өндірісіндегі жылдық орташа еңбекақы 51369 CNY қ, яғни, 8040 USD құрады.
Қазақстан өндірісіндегі орташа еңбекақы 2015 жылғы 2-тоқсанда 124 227 теңгені, яғни 511 USD (бір долларға 243 теңге бағамы бойынша есептегенде) құрады. Яғни, бір жыл ішінде Қазақстанда еңбекақы (егер теңге құлдырауының үшінші толқыны орын алмаса) 6132 USD құрады.
Бұл статистиканың белгілі мөлшердегі дәл емес екендігін атап өткен жөн. ҚР мен ҚХР тұрмыс деңгейін салыстыру үшін доллармен есептелген еңбекақыны емес, салыстырмалы себеттегі тауарларды салыстырған әділ. Онда нәтижелерде басқаша болады.
(Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша),
Тоқсан Қазақстандағы 2015 жылғы орташа еңбекақы
2-тоқсан 124 227
1-тоқсан 118 638
Аймақтар | Аймақтар бойынша 2015 жылғы орташа еңбекақылар | |||
---|---|---|---|---|
1 Тоқсан | 2 Тоқсан | 3* Тоқсан | 4* Тоқсан | |
Қазақстан Республикасы | 118 638 | 124 227 | ||
Ақмола | 82 633 | 90 457 | ||
Ақтөбе | 100 915 | 108 007 | ||
Алматы | 85 035 | 93 017 | ||
Атырау | 217 003 | 210 183 | ||
Батыс Қазақстан | 108 243 | 111 956 | ||
Жамбыл | 79 894 | 85 206 | ||
Қарағанды | 108 110 | 111 678 | ||
Қостанай | 85 602 | 91 909 | ||
Қызылорда | 102 070 | 106 866 | ||
Манғыстау | 229 167 | 217 327 | ||
Оңтүстік Қазақстан | 81 166 | 89 352 | ||
Павлодар | 100 028 | 105 199 | ||
Солтүстік Қазақстан | 77 618 | 85 360 | ||
Шығыс Қазақстан | 96 361 | 101 822 | ||
Астана қ. | 171 544 | 183 744 | ||
Алматы қ. | 152 724 | 161 963 |
*Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің еңбекке ақы төлеу бойынша түсініктемесіне сәйкес, еңбекақы статистикасы жалдамалы еңбеккерлер еңбегіне ақы төлеудің орташа деңгейін, заңдылықтар мен оның өзгеру тенденцияларын, құрылымдық сипаттамасын, аймақтық, гендерлік айырмашылықтарын еңбекақы төлеу деңгейіне әсер ететін оның дифференциацисы мен динамикасын көрсетеді.
ТМД бойынша біздің көршілерге келетін болсақ, олар да еңбекке ақы төлеудің арзандауына тап болды.
Мәселен, 2015 жылы ресейліктердің табыс деңгейі күрт төмендеп кетті. Бірінші кезекте бұл ресейлік рубльдің күрт девальвациясына, сондай-ақ ресейлік экономиканың еңбек нарығына және жұмыссыздық деңгейіне жағымсыз әсер ететін рецессия фазасына кіруіне байланысты.
2015 жылы Ресей ТМД-дыда орташа еңбекақы деңгейі бойынша бүкіл посткеңестік кезең бойынша 1-орыннан Қазақстаннан кейінгі 2-орынға шегініп қана қоймай, оны азаматтардың табыстар деңгейі бойынша кешегі аутсайдер Грузиямен бөлуге мәжбүр. Бұдан нашар жағдай соғыс жалғасып жатқан Украинада ғана орын алған, қазір бұл ел дефолт алдындағы жағдайда.
Жалпы әлемде, орташа еңбекақы бойынша АҚШ, Солтүстік Еуропа елдері, сондай-ақ Жапония көшбасшы болып отыр.
Әлем елдері АҚШ долларындағы орташа еңбекақы
Норвегия 4600
АҚШ 4400
Германия 4100
Жапония 4100
Оңтүстік Корея 2400
Грекия 1500
Эстония 1200
Чили 1200
Словакия 1050
Түркия 890
Қазақстан 511
Әзірбайжан 475
Ресей 484
Грузия 470
Беларусь 450
Украина 220
Қырғызстан 212
Тәжікстан 120
Орыс тілінен аударған Қайрат Матреков