Биыл мамыр айында АҚШ-тың Қорғаныс ведомствосы Қытай Халық Республикасының 42 мыңнан астам ұшқышсыз ұшатын ұшақтар жасамақшы екеніндігі туралы сенсациялық мәлімдеме жасады. Бұл орасан цифрлар ҚХР қарулы күштерінің жоғары технологиялық қару-жарақтар мен әскери техниканы дайындауда елеулі жетістіктерге жеткенін дәлелдейді.
Ұшқышсыз құрылғылар біраз уақыттан бері әскери технологияның сәніне айналды. Алайда олар бұрын батыс әскерлерімен, бірінші кезекте АҚШ әскерімен ассоциаланатын. Енді бұл үдеріс басқа елдерде: Қытайда, Ресейде, Иран мен Үндістанда жалғасын тапқандай.
Қолда бар ақпаратқа сенсек, Қытай осы бағытта неғұрлым елеулі жетістіктерге қол жеткізген. ҚХР Әскери әуе күштерін дамыту саласында әлі де болса басқа әскери державалардан елеулі артта қалып отырса да, бұл алшақтық жыл санап қысқара түсуде, тіпті, осы бағытта елеулі ілгерілеушілік нышандары да жоқ емес. Осы орайда, ұшқышсыз ұшақтар Аспанасты елін әскери авиақұрылыс саласында әлемдік көшбасшылар қатарына қосатын фактор болуы мүмкін.
Қытайдың азаматтық дрондарды өндірудегі және пайдаланудағы елеулі жетістіктері соның іргетасы болып табылады. Кейбір бағалаулар бойынша, алдағы он жыл ішінде Қытайдың авиациялық-өндірістік корпорациясы ұшқышсыз ұшақтар өндірісінде әлемдегі жетекші орынға шығады. Ендеше, бұл ел жеткілікті ресурстар мен технологияларға ие. Қытайдың әскери-әуе күштерін модернизациялау қарқыны әлемденгі теңдессіз құбылыс.
АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші әскери бюджет Қытайға өзінің қарулы күштерін елеулі ауқымда модернизациялауға мүмкіндік береді. Атап айтарлығы, ұшқышсыз ұшақтарды жауынгерлік пайдалануда басқа елдердің, әсіресе, АҚШ-тың тәжірибесін белсенді зерттеп, игеруде. Мәселен,
2013 жылы ҚХР-дың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі Мьянмамен шекарада ҚХР-дың 13 азаматын өлтіруге жауапты есірткі сатушыларды табу және көзін жою үшін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланбақшы деген ақпарат пайда болды.
Осы жоспардың қылмыскерлерді тірідей ұстауға ауыстырылуына қарамастан, бұл оқиға Қытайдың азаматтық дрондарды лаңкестерді құрықтауға пайдалану жөніндегі АҚШ-тың стратегиясын өз қалауынша бейімдеп жатқанын көрсетті.
Әскери мақсаттағы ұшқышсыз ұшақтарға тікелей келетін болсақ, 2013 жылдан бастап, бұл аппараттар Шығыс-Қытай теңізіндегі әскери жаттығуларда пайдаланылуда.
Бүгінде Қытай түрлі мақсаттағы ұшқышсыз ұшақтарды дайындауда және пайдалануда. «Илунь», «Лицзян» және «Әуе қылышы» деп аталатын үлгілері дәл тигізетін қарулармен жабдықталған. «Лицзян» үлгісіне «стелс» технологиялары орнатылған. Радарға түспейтін бұл ұшақты барлау қызметіне пайдаланады. Онда радиотолқындарды анықтайтын құрылғылар кешені орналасқан.
2015 жылдың мамыр айында интернетте қытайлық «Аспан қыраны» атты ұшқышсыз ұшақтың алыстан түсірген «тыңшылық» суреттері пайда болды. Бейресми сарапшылардың пікіріне сүйенсек,
бұл ұшақ америкалық И-2 бомбылаушы ұшақтары мен F-22 истребителін қосқанда, жаңа ұшақтар мен кемелерді табу және олармен күресу үшін құрылған.
Осындай көзге көрінбейтін ұшқышсыз ұшақтары арқылы Қытай «стелс» технологиясымен аты шыққан АҚШ, Ұлыбритания және Израиль сынды елдер кіретін клубқа енді.
Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері Қытайдың түрлі мақсатқа арналған «Птеродактиль» ұшағын сатып алды. Бұл ұшақтар техникалық мүмкіндігі жағынан Батыс үлгісіне жол бергенімен бағасы арзан тұрады, әрі тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін сияқты.
Алайда ұшқышсыз ұшақтарды пайдалануда ҚХР-да әскери және коммерицалық салалармен ғана шектеліп отырған жоқ. Қытайлықтар бұл машиналарды апат аймақтарындағы іздестіру-құтқару операцияларына белсенді түрде тартуда. Бұл машиналардың мүмкіндіктері оларды ТЖ-лар кезіндегі әрекеттерге пайдалануда жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұль ұшақтардың тағы артықшылығы, олар соншалықты қымбат емес және жедел әрекет етеді.
Қытай үшін мұндай ұшақтар даулы аудандарға әскер кіргізуге мүмкіндік бергені үшін ерекше маңызды болып отыр. Әскери дрондарды пайдалану елдегі саяси мүмкіндікті арттырады.
Оны 2013 жылы орын алған оқиға дәлелдейді. Ол кезде
Қытайдың осындай ұшағы Жапониямен арадағы даулы аймаққа жақындағаны еді. Жапон үкіметі мұндай жағдай қайталанатын болса, ұшақтарды атып түсіретінін мәлімдеді. Өз кезегінде, Қытай билігі ұшақтар атып түсірілсе, мұны «соғыс актісі» ретінде қабылдайтынын білдірді.
Ұшқышсыз ұшақтарды пайдалану даулы аймақтарда қақтығысты реттеуге мүмкіндік береді.
Кезінде әскери техникасы әлсіз саналып келген Қытайдың қарулы күштері бүгінде әскери жағынан жоғары дамыған елдермен тең дәрежеде соғыс жүргізуге қажетті заманауи технологияларды дамытып және игеріп жатыр.
Қазақшаға аударған Қайрат Матреков