Жыл сайын ҰБТ суицидке түрткі болуда: еліміздің түкпір-түкпірінде ата-аналар тестілеуде сәтсіздікке ұшыраған балаларын жоқтап жатады. Неліктен мектеп аяқтау мерекесі түлектер үшін ұлттық деңгейдегі трагедияға айналды?
Міне, көзді ашып-жұмғанша биылғы ҰБТ-да өте шықты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы Саят Нүсіпов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте қол жеткізілген табыстар туралы баяндап та үлгерді — ҰБТ-дағы орташа балл 2,6 пунктке өсіп, 79,5 баллды (былтыр 76,9 балл болған) құрады.
Нүсіповтың мәліметтері бойынша, жалпы ҰБТ 165 пунктте өткізілген. Мектеп бітіруші 124 360 оқушының 87 783-ші ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген, бұл түлектердің 94,4 пайызын құрайды.
— „Алтын белгіні„ растаған оқушылардың да саны саны артқан. Биыл „Алтын белгі„ 2 205 түлекке тапсырылады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық, — деді шенеунік.
Барлығы ойдағыдай сияқты – көрсеткіш артып, өмір жалғасын тауып жатыр. Дегенмен барлығы білім саласы атқамінері көрсеткісі келгендей, ойдағыдай емес, жыл сайын ҰБТ-ның соңы кезекті, ал кейде бірнеше суицидке ұласып жатады. Биыл да қайғылы оқиғалардың алдын алу мүмкін болмады —Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы „Жуансай„ орта мектебінің түлегі Гүлдана Орынтай ҰБТ-дан кейінгі келесі күні өзіне өзі қол салған. Мұғалімдері мен ата-анасының айтуы бойынша, ол сынақтық тестілеулерде 90 бал жинап жүрген екен, бірақ ҰБТ-да тек 73 баллға қол жеткізіпті.
Осы Оңтүстік Қазақстандағы тағы бір түлектің көретін жарығы бар екен — тестілеу нәтижесін естіген бойжеткенді туыстары өлім аузынан алып қалыпты. 18 жасар Жансая жаман баға алмаған — ол 125-тен 91 балл жинапты. Алайда мұндай бағамен өзінің дәрігер болу арманын орындай алмайтыны түсінген ол, асылып өлмекші болған. Алайда ағасы дер кезінде келіп, ажалға араша түскен. Туыстарына қалдырған хатында ол «отбасымды масқараладым» деп жазыпты. Жансаяны апасы мен атасы өсіріп отыр екен. Енді қариялар жансақтау бөлімін күзетуде.
Ал ҰБТ-ның алғашқы күні Ақмола облысынан қаралы хабар келді.
— Трагедия 2015 жылғы 2-маусымда таңертең Ақмола облысы, Есіл ауданы, Жаныспай ауылында орын алды. 11-сынып оқушысы өзіне өзі қол салды, — деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ал Ақтөбеде үшінші суицид орын алған. Өлер алдында жазған хатында, оны «Ақтөбе Таймс» газеті жариялаған, 18 жасар Лейла Шакулова былай деп жазыпты:
— Ешкімді кінәламаңдар. ҰБТ-ны тапсыра алмайтынымды сеземін. Мектеп бітіру кешіне шығындалғым келмейді. Менсіз жеңілдеу болады, несие алудың қажеті болмайды. Солай – кешіріңіздер.
Бір айда Қазақстанда жоғары сынып оқушыларының бес суициді орын алды.
Неліктен ҰБТ мектеп бітіруші түлектер үшін алынбайтын қамалға, барлық жоспардың күйреуіне, ақырзаманның тууына айналды? Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары ҰБТ-ны балалар суицидіне жетелеудің басты факторы және дарынды балардың одан өте алмаудан қорқып, көршілес Ресейге кетулерінің негізгі себебі ретінде атап үлгерді.
Мүмкін, мұның себебі ҰБТ-да жіберген қатені түзету мүмкіндігінің болмауында шығар.
Әлбетте, ресми тұрғыдан алсақ, төмен балл алған немесе «Алтын белгі» алуға қажетті бағаға қол жеткізе алмаған балалар апелляциялық шағым бере алады. Бірақ сол апелляцияның қазіргі шарттары түлектерге жіберген қатесін түзетуге ешқандай мүмкіндік бермейді.
Ал енді түлектердің ҰБТ тапсыратын күнінің қалай өтетіне көз жүгіртейікші. Олар ұйқыдан таңғы 5-те тұрады, сағат 6-да мектепке жетіп, тестілеу орнына қарай жылжуы қажет, ал тестілеу орнына сағат 7-де болу керек. Бұл сіздің жолыңыз болып, ҰБТ өткізу орны орналасқан елді мекенде тұрсаңыз.
Сөйтіп, тестілеу басталатын сағат 9 қарай балалар 4 сағат аяғынан тік тұрады, бұл бір сағат дем алуға мүмкіндік беретін бұл ересек адамның жұмыс күнінің жартысы,
ал біз шаршап, күйзеліске ұшыраған балаларымызды өз өміріндегі ең басты сынаққа кіргіземіз.
Сорақысы сол, тестілеуге кірералдында балаларымыз тінтуге ұшырайды. Ал тестілеуден төмен нәтиже алуды басыңызға бермесін — ондай жағдайда шенеуніктер сұрақтың қате қойылғанын дәләлдеу үшін баладан қандай жауаптан қате жібергенін есіне түсіруді талап етеді. Осы ақылға қона ма?
Психикасы әлі қалыптасып үлгермеген 18 жасар балалар үшін бұл ең жақсы ахуал емес. Әлбетте, беделді «көкелері» бар бірлі-жарымдар кез келген жерде өздерінің берген жауаптарының «дұрыстығын» дәлелдей алады. Сондықтан апелляцияда жеңіске қол жеткізген түлектер саны мардымсыз болады.
Педагогикалық білімі және еңбек өтілі бар адам ретінде, апелляцияда түлекті басынан өткен күйзеліске қайта оралтып, қай жерде, қандай қате жібергенін еске түсіруге мәжбүрлеп, бекер қинамай, комиссия мүшелерінің көзінше орындап, білімін дәлелдеу үшін оған тиісті пән бойынша жаңа тапсырма берген жөн деп санаймын. Жауап бере алсаң — жарадың, ал орындай алмасаң — ренжіме. Міне, осындай жағдайда түлектер сабасына түсіп, жіберген қатесін түзету мүмкіндігіне ие болады.
Алайда шынайы өмірде білім беру саласының шенеуніктері мұндай мүмкіндік беруге асығатын емес. Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институтының жетекшісі Маргарита Өскембаеваның сөзі бойынша,
ҰБТ өткізіліп келе жатқан 12 жылда мемлекет ҰБТ-ның балаларға, олардың психикасына қалай әсер ететінін анықтау бойынша бірде бір әлеуметтік, психологиялық зерттеулер жүргізбеген.
Атап айтарлығы, Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институтының мәліметтеріне сәйкес суицид саны бойынша Қазақстан ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында көш бастап тұр. Психологтар ҰБТ — өлімге жетелейтін басты фактор деген пікірде.
— Білім министрлігінің одан бас тартуы, бекершілік, далбаса, — дейді Маргарита Өскембаева.
Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы Алматы қалалық комитетінің хатшысы және педагог Елнұр Бейсенбаев өзінің бір сөзінде түлектер мәселесі бойынша шала бүлінді:
— Біз балаларымызды еліміздің игілігіне еңбек етуі үшін өсіреміз, тәрбиелейміз, ал. шын мәнінде. бәрі керісінше болуда. ҰБТ-дан қауіптенген дарынды түлектеріміз шетелдік жоғары оқу орындарына кетуде, олар балаларымызды қуана қабылдап, оларға білім грантарын ұсынуда. Сонда олар біздің балаларымызға сенеді, ал біздің өз ұрпағымызға күмәнмен қарағанымыз ба. Осылай болашақтағы бағалы мамандардан қазір айырылып жатырмыз.
2012 жылы Қазақстанның Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты өзінің дербес зерттеуін жүргізді.
Ақпан айында зерттеуге қатысушы оқушылар өздерінің интеллектуалдық мүмкіндіктері бойынша тест жазды. Жарты жылдан кейінгі, мамырдың соңындағы тестілеуде олардың көрсеткен нәтижесі жартылай төмендеп кеткен — балалар жатпай-тұрмай ҰБТ-ға дайындалудан әбден шаршаған, сондықтан өз мүмкіндіктерін көрсете алмады.
Мамырдың соңында білім министрлігінің өкілдері Қазақстандағы суицидтер себебі — ондай жағдайларды БАҚ-та кеңінен талқылау деп мәлімдеді — журналистер суицидтерге жарнама жасауда-мыс. Ал денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі шенеуніктерінің пікірі бойынша, республика мектептері мен колледждеріндегі суицид фактілеріне қоғамымыздың тым «таязданып» кеткен адамгершілік қағидалары әсер етеді екен.
Көптеген түлектер биылғы ҰБТ осындай ұранмен өтті деген пікірде.
— Бізді мектепте жыл бойы шпаргалкаға, басқа тыйым салынған заттарға сенбеңдер, егер ұстап алса тестен қуып шығады деп иландырды. Ал, шын мәнінде, бәрі басқаша болды. Қасымызда отырғандар ұялмай-қызармай, шпаргалкаларды да, ұялы телефондарды да пайдаланды, — деді тестілеуден шыққан ер баланың бірі налып.
Ал басқа бозбала балалық қызбалықпен:
— Ересектер «жігітше айтты, жігітше істеді» демей ме, ал біздің білім министрі (Аслан Сәрінжіпов — ред.), жігіт сияқты айтты да, министр ретінде орындамады, бұл дұрыс емес, — деп қойып қалды.
Бұл оқушылардың пікірі бойынша ҰБТ-да бәрінің мүмкіндіктері тең болған жоқ, біреулер өздеріне, алған біліміне сенсе, енді біреулер бәрін шпаргалкадан көшіріп алды.
Тағы бір ерекше көңіл бөліп, атап өтетін мәселе — ҰБТ тапсырудың қолданыстағы жүйесі үздік оқып, «Алтын белгіге» үміткер оқушыларға ерекше салмақ салады. Тестілеу барысында нашар оқып, орташа білім алған құрбы-құрдастары көмек сұрап олардың мазасын алады, ал комиссия мүшелері оларға кедергі жасай алмайды. Соның салдарынан ойы бөлінген үздік оқушы екі оттың ортасында қалады — бір жағынан өз тапсырмасын орындау керек, екінші жағынан досына да қол ұшын бергісі келеді. Нәтижесінде, көпшілігінің қажетті нәтижеге бір-екі балы жетпей қалады.
Бұл жәй ғана сөз емес — осыдан екі жыл бұрын отбасылық достарымыздың баласы ҰБТ тапсырды. Үздік оқитын және сынақ тестерде 120 балл алып жүрген баланың «Алтын белгіге» екі балы жетпей қалды — еш нәрсені түсінбеген барлығы есеңкіреген көңіл-күйде болды. Тек ертеңіне досымыздың үйіне баланың екі сыныптастарының алғыс айтқан ата-аналары келгенде, бәрі орнына келгендей болды. Сөйтсек, баламыз тестілеуге берілген үш жарым сағатта екі досына көмектесем деп, үш тапсырманы орындап шығыпты. Атап айтарлығы, өзі 112 бал жинап, «Алтын белгіге» екі балы жетпей қалса, екі жолдасының әрқайсысына 100-ден астам балл жинап беріпті.
Таң қаларлығы, ұйымдастырушылар емтихан тапсырушыларға әлі күнге дейін қажетті жағдай жасай алмауда. Кейде педагогтардың өздеріне дұрыс жасамайды — шпаргалка падаланған кезекті түлекті қолынан ұстап алған ол түлекті үн-түнсіз аудиториядан шығарып жіберудің орнына, айқайға басады, сөйтіп, басқа балаларға тапсырмасын орындауға кедергі келтіреді. Атап айтарлығы, „жыны„ басылған комиссия мүшесі шпаргалка пайдаланған түлекті аудиториядан аластатуды „ұмытып„ кетеді.
Келесі жәйтті атап өтпеуге болмайды: соңғы жылдарда ҰБТ нәтижелерінің жақсару үрдісі байқалуда. 100 баллдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны артқан. Алайда, менің ойымша, біздің мектептердегі білім сапасы жақсарды деп айтуға болмайды.
Гәп, білім саласындағы шенеуніктер өз жұмысының рейтингтік көрсеткіштерін жақсартудың жолдары мен әдістерін оңтайландырған.
Білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорлары рейтингтік көрсеткіштер үшін күресті алыстан бастайды. Ертерек қамданған олар оқу жылы басталысымен іске кіріседі. Сөйтіп, бүкіл оқу жылы барысында
директор, сынып жетекшілері, мұғалімдер орташа оқитын балаларды, олардың ата-аналарын ҰБТ тапсыруға қатыспауға үгіттейді. Міне, осындай жүйелі жұмыс нәтижесін беруде – соңғы бес жылда ҰБТ тапсыруға ниет білдіргендер саны 10 пайызға азайған.
Егер 2010 жылы мектеп бітіруші түлектердің 80 пайызы ҰБТ тапсыруға ниет білдірсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 70 пайыз болды. Орыстілді мектептердегі жағдай бұдан нашар – онда түлектердің 43 пайызы ҰБТ тапсырудан бас тартқан. Көрсеткіш қуалау жақсылыққа апара қоя ма екен?
Осындай келеңсіздіктерді көргенде, еріксіз өзің оқыған мектебің, балдәурен балалық шағың еске түседі. Барлық кемшіліктерін есептесең де, кеңестік білім беру жүйесінің артықшылығы бірден көзге ұрады. Біріншіден, ол кезде біз суицид туралы естімегенді былай қойғанда, ондай сөзді де білмейтін едік. Өз мүмкіңдігінен төмен баға алған кез келген оқушы оны жоғары оқу орнына түсу кезінде жіберген олқылықтың орнын толтыра алатын. Бұдан тыс, емтихан барысында адами фактор да орын алатын – мұғалім өзінің ойға қозғау салатын сұрақтарымен сасқалақтап қалған оқушыға дұрыс жауапты еске түсіруге мүмкіндік беретін, ал ҰБТ-да тест тапсырмасымен бетпе-бет қалған бұгінгі оқушыда ондай мүмкіндіқ жоқ. Атап айтарлығы, мұндай мүмкіншілік барлық оқушыға бірдей берілмейтін, оған тек жүзден жүйрік шыққандар ие болатын. Тағы бір артықшылық — ол кезде оқушылар ауызша жауап беру барысында жүйелі ойлауға, өз ойын қисынды баяндауға үйренетін, ал қазір ол жоқ — мылқау тапсырмаға мылқау жауап. Ендеше, мұндай тестілеу бізге, шын мәнінде, қажет пе?