Қазақстан президентін сайлау тұрғындардың бұрын-соңды болмаған белсенділігі жағдайында өтті. Мемлекеттік органдар да өз тарапынан барлық күштер мен қорларды бір арнаға жұмылдыруда өте жоғары белсенділік танытса да қоғамның осы жолғы сайлауға деген мүдделілігі соңғы жылдардағыдан неғұрлым жоғары болуымен ерекшеленді. Тіпті, билікке сыни көзқарастағы Алматы қаласы орталығындағы сайлау учаскелерінің өзінде кезектердің болғаны байқалды.
Көп ретте бұл барлығының салыстырмалы болатынына байланысты. Сондықтан соңғы жылда посткеңестік кеңістікте орын алған және украиналық дағдарысқа қатысты қоғамды қақ бөлген орасан зор әскери және идеологиялық текетірес қоғамдық пікірді мазаламай қойған жоқ. Интернетте қызу пікірталасқа түскендер, өз ұстанымын әлемдік жүйеде радикалды тұрғыдан білдіргендер,
Украина мен Қырым салдарынан Қазақстанға келіп, идеологиялық баррикаданың екі жағында қалғандардың барлығының сайлаудың бүкіл маңызын түсінбеуі мүмкін емес еді.
Тұңғиыққа көз тастаған халық өз көргендерінен өздері шошыды. Өйткені талқылауды көзбен көрген күнделікті өмірмен салыстыруға болмайды.
Мұндай жағдайда мемлекет өзінің жеткілікті орнықты ұстанымымен қоғамдық пікірдің алдында өзгермейтін тұрақты және қақтығыссыз өмірдің кепілі ретінде көрінді. Десек те
Донецк республикасының жақтастарына Қазақстанда қазақстандық азаматттарды сепаратистер жағында әскери әрекеттерге қатысқаны үшін түрмеге қамағаны ұнамаса, олардың қарсыластарына Астананың ЕАЭО шеңберіндегі интеграцияға ұмтылысы ұнамайды,
Соған қарамастан, олардың барлығы қазақстандық биліктің өз күшіне деген сенімі мен салиқалы қимылдарын бағалауға мәжбүр.
Қоғам әркезде мемлекеттің әділдіктен алыстамағанын қалайды. Мұндай мағынада мемлекет қоғамның күтілімін алдамайды. Ол ішкі саясатта да қаржы-экономикалық мәселелерде де күрт әрекеттер мен қадамдарға бармайды. Мәселен,
қоғам девальвация мәселесінде ресейлік саясаттың соңынан еруден бас тартуды дұрыс бағалай білді.
Десек те, ЕАЭО шеңберіндегі жетекші экономиканың бұл шешімі бүкіл бірлестік үшін айқын қиындықтар тудырды. Тиісінше, мемлекеттің ел халқы жағдайы өзгермеуінің кепілі ретіндегі құны арта түседі. Әлемде орын алып жатқан тұрақсыздықтарға, аймақтық қақтығыстарға қарамастан, Қазақстан тұрақтылық пен бейбітшіліктің мекені іспетті. Мұны халық, әлбетте, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланыстырады.
Естеріңізде болса, Қазақстандағы бұрынғы президент сайлауының алдында көршілес Қырғызстанда екі революция орын алды — 2005 және 2010 жылдарда. Сол кезде бұл оқиғалар қоғамды шошытып, Қазақстандағы тұрақтылықтың қаншалықты құнды екенін тағы бір рет дәлелдеді. Сол кезде биліктің оппоненттері мемлекеттік телеарналардың Қырғызстандағы қақтығыстың тым көп көрсетілетінін айтқан болатын. Бұл жолы ешнәрсені көрсетудің, дәлелдеудің қажеті болған жоқ.
Ресейлік және украиндық үгіт-насихат құралдары өздерінің біріккен әрекеттерімен Қазақстанға қажет емес оқиғалар желісін көрсетті,
бізге украиналық майданнан басталған оның бірінші бөлімі де, ресейлік агрессиялық саясатқа ұласқан екінші бөлімі де қажет емес.
Әлбетте, қазір Қазақстанда орта мерзімдік болашаққа деген айқындылық бар. Сонымен қатар, мүмкіндігіміз артты, атап айтқанда, көп векторлық саясатты жүзеге асыру мүмкіндігі. Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыс сыртқы саясатта еркін ойқастау кеңістігін шектеді. Қазір мұндай мүмкіндіктер шынайы түрде кеңейді. Ал ең бастысы, енді Қазақстанның түрлі мүмкіндіктерді асықпай саралауына уақыт бар.
Дереккөз: Әлемдік экономика және саясат институты.