14-ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы ел президентіне кезектен тыс мемлекет басшысының сайлауын өткізу жөнінде ұсыныс жасаған үндеу жолдады. ҚХА-дағылар «еліміз жаһандық сынақтар кезеңінен сүрінбей өту үшін» Нұрсұлтан Назарбаевқа жалпыұлттықұлттық сенімнің жаңа мандатын беру керек деген сенімде.
Үндеу мәтінінде былай делінген:
Әлемдік экономикалық дағдарыс өрістеген және халықаралық күн тәртібі күрделенген шақта кезектен тыс сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастама — уақыт талабы. Әлемдік дисбаланстардың жаңа және қиын кезеңінде еліміз стратегиялық бағдарынан ауытқымай, елді ауқымды модернизациялау бойынша өз жолын және әлемдегі неғұрлым қуатты мемлекеттердің 30-на енуге жылжуын жалғастыру үшін Елбасына сенім білдіру қажет. Оның үстіне, Ұлт көшбасшысына берілетін жаңа мандат әлемдік дамудың жаңа кезеңінде мемлекеттік дамудың маңызды мәселелеріне барлық күшті топтастыруға мүмкіндік беріп, халықты біріктіреді және жұмылдырады».
Мұның сыртында, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері 2016 жылдың соңында өткізілетін кезекті президент сайлауымен тағы бір электоралдық процесс – парламент сайлауы қатар келіп тұрғанын еске салды. Сондықтан мұны айналып өткен жөн.
Георгий Кан, Қазақстан корейлері Қауымдастығының вице-президенті, ҚХА мүшесі:
— Әлемдегі алаңдаушылық тудыратын оқиғаларға сәйкес Қазақстандағы қиындықтарға жауап ретінде бағдарламалар дайындалған, осындай экономикалық қадамдар қисын бойынша саяси сипаттағы бастамалармен жалғасу керек еді. Экономикалық жағынан біз дайынбыз, енді жұмылдырушы саяси бастама қажет. Осы оқиғалар арнасында ҚХА Кеңесінің Ұлт көшбасшысына жаңа мерзімге сенім мандатын табыс ету жөніндегі ұсынысын түсінуге болады. Оның үстіне, 2016 жыл — сонымен бірге, парламентке сайлау жылы. Бұл қадамдар қисынды және болжамды жәйттер. Қазіргі таңда олар шынымен өте өзекті мәселелерге айналып отыр
Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
— Біздің президент қажетті заңдылыққа ие, сондықтан сайлау өткізудің қажеттігі жоқ сияқты болатын. Дегенмен, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынып отырса, бұл кездейсоқтық емес. ҚХА, оның үстіне, оның басшылығы еш нәрсені тектен тек жасамайды. Бұл тексерілген технология. Сенім мандатын жаңартуды шешкен шығар.
Қазіргі кезде ел Нұрсұлтан Әбішұлының осы бастамаға деген көзқарасын күтуде. Егер президент ҚХА-ның дәлелдерімен келіссе, сайлау өткізу туралы ақпарат ақпанның екінші жартысында жарияланады. Заңға сәйкес, кезектен тыс сайлау оларды өткізу туралы ақпарат жарияланғаннан кейін екі айдан соң өткізілетнін ескерсек, дауыс беру шамамен, 2015 жылғы 19-шы, немесе 26-шы сәуірге белгіленуі мүмкін.