Жақындағы 20 жыл ішінде Қазақстанның инфрақұрылымы елеулі жаңармақ. 2030 жылдарға қарай ғимараттардың 55 пайызы және электростанциялардың 40 пайызы жаңадан салынатын болады. Республиканың көлік паркі 2030 жылға қарай 80 пайызға жаңарады.
Алматыда Орталық-Азиялық өңірдегі 5 ел министрліктерінің өкілдері қатысып отырған екі күндік халықаралық конференция өтуде. Форумға қатысушылар жаһандық жылудың алдын алу бойынша өздерінің нақты істерінің жоспарларымен бөлісуде. Экология саласының атқамінерлері оңай мәселе талқылап жатқан жоқ – олар 2015 жылғы „киот хаттамасының„ жаңа нұсқасында ескерілетін құжат дайындауда.
– Қазақстан жасыл экономикаға бағыт алды, – деп бастады баяндамасын ҚР Энергетика министрлігінің өкілі Зерза Сәменова. – Жасыл экономикаға көшуге қажетті инвестиция көлемі Жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын құрайды, ал ол жылына 3-4 млрд долларға тең.
Энергетика министрлігінің қызметкері сендіргендей, алдағы 20 жыл ішінде Қазақстанда инфрақұрылымның дамуы елеулі жаңарады.
– 2030 жылдарға қарай ғимараттардың 55 пайызы және электр станцияларының 40 пайызы жаңадан салынады, – дейді Зерза Сәменова. – 2030 жылдарға қарай республикадағы көліктің 80 пайызы жаңа болады.