«Мисс Әлемнің» ресми сайтында пайда болатын еліміздің беткеұстарының фотосуреттерін жасауды Қазақстанның танымал фотографтарының бірі Данил Олейник қолға алды. Бір сағатқа жуық созылған фотосессия барысында «Мисс Қазақстан» үш киім ауыстырды, атап айтсақ, Sherri Hill ұсынған салтанатты кешкі көйлек, іскери және күнделікті киім үлгілері.
Қазір аруымыз 25 қаңтарда Майамиде (АҚШ) өтетін аса беделді сұлулық байқауларының біріне қатысуға белсене дайындалу үстінде. 25 жастағы Айдай Исаева Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі, қазіргі таңда ауруханада отбасылық дәрігер болып қызмет етеді. Айдайдың бос уақыты жоқ, таңертең – жұмыс, кешкісін – спорт залда жаттығу, сондай-ақ ағылшын тілінің курсы, озық отандық телеарналарға сұхбат беру, ойын-сауық бағдарламалары мен ақсүйектердің іс-шараларына қатысу.
[gallery ids=»53270,53265,53266,53262,53263″]
Айдай Исаеваға сәтілік тілейік!