Ресейдің ауыл шаруашылық қадағалау басшысы Сергей Данкверт билік контрабандаға қарсы күресті күшейту мақсатында Қазақстанға баратын транзиттік жүктің легін шектеуі мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды rbc.ru. Себеп: жалған бразилиялық құжаттармен жөнелтілген 300 тонна еуропалық өнімді құрықтау.
Ресей ауыл шаруашылық қадағалау мекемесіндегілер Ресейге әкелуге тыйым салынған өнімді көп ретте Қазақстанға жөнелтілетін транзит ретінде рәсімдеу контрабанда үшін ыңғайлы қалқан болды деп есептейді.
— Біз қазір транзиті беларус және украин шекаралары арқылы өткізуді тоқтатып, оны тек өзіміздің өткізу бекеттері арқылы жіберу туралы әңгіме қозғаймыз, – мәлімдеді Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау басшысы Сергей Данкверт.
С. Данкверт Беларусь аумағынан жалған құжаттар бойынша транзитпен бразилиялық ет жеткізілген бір факті туралы айтып берді, деп хабарлайды агенттік. Құжаттар бойынша ол Қазақтанға жол тартқан еді, 8 мың тоннадай болатын, алайда оның көп бөлігі «РФ аумағында ізін суытты».
«Біз жалған бразиялық қжаттармен рәсімделген 300 тоннаға жуық еуропалық өнімді құрықтадық, ал қалған 7,5 тыс. тоннасы Қазақстанға жетпей, РФ қалып қойды», – деді Данкверт.
Ол бұл істі тексеруге құқық қорғау органдары тартылатынын уәде етті.
Ал шикізатты шетелден тасымалдайтын қазақстандық импорттаушылар, оның ішінде, азық-түлік өнімдерін өнімдерін шығаратын барлық ірі өндірушілер бұл жаңалықты жағымсыз қабылдады.
— Бұл біздің барлық уағдаластығымызды, Кедендік одақтың келісімдерін өрескел бұзу болып табылады. Өрескел және арсыз бұзу. Егер олар транзитті шектесе, біздің көпшілігіміздің кәсібіміз күйреуге ұшырайды. Мысалы, менің өзімді алайық. Егер менің өндірісіме арналған шикізат жеткізілмейтін болса, халық сапалы өнімнен айырылады. Өйткені ресейлік баламаның сапасы төмен. Бұл біздің есебімізден өзінің ішкі нарығын қорғау. Біз Қазақстанда барлығымыз шикізатпен жұмыс істейміз, біз мұнда азық-түліктің қажетті мөлшерін өндірмейміз. Егер біз қажетті нәрсемізді ала алмасақ, онда Кедендік одақтың қандай қажеті бар деген сұрақ туындайды. Шынымен солай емес пе? – дейді атын атамай осы жаңалыққа түсініктеме берген азық-түлік өнімдерін өндіру компаниясының өкілі.