Ерболат Тоғызақов «Бұлтарға соқпақ» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнады. Оның кейіпкері заманауи адамдардың бірі. Сөйлеу қабілетінен айырылған ер адам өмірге қызығушылығын жоғалтады, ол өз тағдырын өзгерткісі келмейді, тіпті, өзінің туыстарын да іздемейді. Жалғыз қалған арлан іспетті. Оны тек жұмысы, өзінің өмірлік өзгермейтін заңдары, және өкінішке толы өткен өмірі ғана толғандырады. Белгілі қазақстандық актер мылқаудың рөлін тамаша сомдады.
— Сіз үшін осы рөлдің ең басты қиындығы не болды?
– Маған осы рөлді ұсынғанда, мен режиссерге оның өте қиын екенін бірден айттым. Оның үстіне, ондай адамдардың өзін өзі қалай ұстайтынын мен білмеймін, ал оның кейіпіне кіру үшін олардың өмірін, мінезін зерделу қажет еді, ал оған уақыт жоқ болатын. Режиссер маған өмірдегі үлкен эмоциялық күйзелістен кейін сөйлеу қабілетінен айырылған адамды сомдау қажет екенін айтты.
— Өзіңіз сомдаған кейіпкер туралы толығырақ айтып өтсеңіз.
– Менің кейіпкерім бір нәрсе айтқысы келіп, ымдайды, бірақ онысынан ештеңе шықпайды. Шынымды айтсам, бұл рөл менің өзіме қатты ұнап қалды. Мен өзім сомдаған кейіпкердің ішкі дүниесін білуге тырыстым. Ол балаларды жанындай жақсы көретін жалғызілік адам. Былай алып қарасам, менің кейіпкерім өзіме ұқсайды. «Бұлттарға соқпақ» фильмінің авторлары менің осы рөлді сомдай алатынымды сезді, деп ойлаймын. Ең қиыны өз кейіпкерімнің эмоциясының шынар биігін көрсету болды. Ол әрқашан бір нәрсені дәлелдеуге тырысады, үнемі мінез көрсетеді, бірақ бір сөз айта алмайды, тек ымдайды. Фильмде мынандай бір сәт бар, көрші әйел «ұлымның қалы қалай екен», деп сұрайды, сол кезде эмоция басталады: менің кейіпкерім тыным таппай безектейді, оны қинайтын бір-ақ сұрақ: «менің де ұлым бар емес пе, ал мен мұнда не істеп жүрмін?!». Міне, сол кезде мен өзімді оны іздемегенім үшін жексұрын ретінде сезіндім. Ең мықты эпизод, әрине, ең соңында, бірақ фильмге деген қызығушылықты төмендетпес үшін оны айтпай-ақ қояйын.
[gallery ids=»42319,42320,42335,42337,42310″]
— «Шал» филімінен кейін сіз ел танитын, танымал актерге айналдыңыз. Осы фильмде өзіңізбен қатар ойнаған әртістерге қарап, өзіңізді жұлдыз, ал оларды болашағы алда тұрған шәкірттер ретінде сезінбедіңіз бе?
– Мен өзімді жұлдыз ретінде сезінбеймін, ешқашан сезінген емеспін, өйткені маған аударылып жатқан назар тым жоғары деп санаймын. Бізде көптеген тамаша жұлдыздар, адамдар, актерлер бар, мен олар менен алдеқайда жақсы деп ойлаймын. Бірақ «Шал» филімінен кейін мені қатты көтеріп жіберді, иә-иә, көтерді, бәлкім, бұл тағдырдың маған берген сыйы шығар. Бірақ, шынын айтсам, мен сонша көңіл бөлгенді ұнатпаймын, қысыламын. Мені неліктен жұлдыз санайтынын түсінбеймін. Тағы қайталап айтайын, менен артық көптеген кино және театр актерлері бар. Ал мына фильмді алсақ, мұнда маңыздысы актерлер емес, сценарийдің өзі. Ең басты назарды ондағы оқиғаларға аударған жөн. Олар бүгінгі өмірден алынған, өте өзекті оқиғалар. Мен әркім өзінің кім екенін еске алып, өзінің өмірлік құндылықтарын тәртіпке келтіру керек деп есептеймін. Қарапайым сөзбен айтсақ, мейірімдірек болу керек.
— Егер сіз сомдаған рөлдерді сараласақ, Сіз комедияға қарағанда, байсалды фильмдерде, драмаларда көбірек ойнайды екенсіз. Сізге драмалық рөлдер көбірек ұнай ма?
– Олар менің көзқарасымды, дүниетанымымды білдіреді. Әдетте, осындай фильмдерде мен өзімді өзім сомдаймын, сондықтан маған ойнау жеңіл тиеді. Мен өз кейіпкеріммен мұңдас боламын. Мен осы қалада, осы қоғамда, осы елде өмір сүремін. Сондықтан маған өзім сомдаған адамдардың көңіл-күйі, өмірлік ұстанымы етене таныс. Мен өзімді, немесе өзіме таныс адамдарды сомдаймын. Мен әрқашан өз кейіпкеріммен мұңдаспын. Міне, мылқау рөлі – ол өз ережесімен өмір сүретін адам. Ол не істесе де, өзінің ар-ұятына сәйкес, әділ істейді. Менің өмірдегі ұстанымым lf сондай. Мен өмірге тез бейімделе алмайтын адаммын. Және мен үшін ақша өмірдегі басты нәрсе емес. Мені қоғамымыздағы мәселелер қатты толғандырады. Жалпы, менің айтарым, аға буын өкілдеріне сатқындық пен арамдық басым болып бара жатқан заманауи өмірден өз орнын табу қиындап барады. Жан-жағыңа қарасаң, мына адамдарға не болған, неге ақша, билік және жеңіл табыс табу құмарлығы өмір әміршісіне айналған деген ойға шомасың. Мен өзімді басқа уақыттың адамы ретінде сезінемін, ол кезде бізде басқаша тәрбиеледі. Сондықтан «Бұлттарға соқпақ» филімі – ол жанайқай. Түсінесіз бе? Бізді әділ болуға, басқа адамды сыйлауға, оған құрметпен қарауға, қолыңнан келсе, көмек беруге үйретті. Ал қазір қарасаң – ана жақта жарылыс, мына жақта кісі өлтіру орын алып жатады. Кейде тіпті, Жасаған ием бізге ашуланып жатқандай көрінеді, мына табиғи апаттардың барлығы, зілзалалар, су тасқыны – соның қаһары, ескертуі іспетті. Ол бізді не күтіп тұрғанын көрсетіп, бізге бір-біріңді құрметтеңдер, бір-біріңді бағалаңдар, жұдырықтасып, байлық қуаламаңдар, дейтін сияқты. Мен біздің барлығымызға осы жайында ойланатын кез келді деп, ойлаймын. Қазақстанда адамдарды шынайы құндылықтар туралы ойлануға мәжбүрлейтін фильмдердің көбейіп келе жатқаны қуантады.