Әбдішевтің тұтқындалуы ешкімге жаңалық болған жоқ, халық солай боларын біліп, күтіп жүрген еді. Оның үстіне, оның қызметтен кетуі жөнінде ел президентінің өзі түсініктеме жасады. Естеріңізге салсақ: тамыздың соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандыда болған мәжіліс барысында үстіміздегі жылғы көктемде өзіне кәсіпкерлердің жер учаскелерін беру кезіндегі заң бұзушылықтар туралы шағымданғанын жеткізген еді. Басқаша айтқанда, президент Әбдішев командасы әрекеттерінің Елбасы саясатына қарама-қайшы келетінін анық білдірген еді. Сөйтіп, 20-қыркүйекте Бауыржан Әбдішев тергеу изоляторына тоғытылды. Ол 23-қарашаға дейін қамауда болады.
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қарағандылықтардың есінде соншалықты жағымды істерімен қалған жоқ. Мәселен, оның басшылығы кезінде қаладағы қоғамдық көліктегі жолақы артты, құны 190 миллион теңгені құрайтын тутұғыр көтерілді, сұмдық көлік кептелістері мен бордюр дүрлікпесі орын алды. Қазір тергеу жүріп жатыр, Бауыржан Әбдішевтің қарағандылықтардың жадында тағы қандай әрекеттерімн қалатынын уақыт көрсетеді.
Әбдішев қарамағындағылардан соншалықты қымсынбайтын. Жалпы, билікке келісімен ол бірден шенеуніктердің қатарын тазалауға кірісті. Бірінші болып оның қаһарына Қарағандының бұрынғы сәулетшісі Тайхан Қалмаханов ілінді. 2012 жылы ол президенттің тілін алмай джемалысқа Австрияға барған еді. Назарбаев министрлер мен шенеуніктерге демалыс күндері елден кетуге тыйым салғанымен, ол бөлім бастықтарына қатысты болмаған шығар. Алайда Әбдішев көп ойланбастан, орайы келген сәтті пайдаланып, Қалмахановты орнынан тайдырды. Қалмаханов өзінің лауазымын қайтармақшы болып, сотқа да шағымданды, бірақ сот сәулетші жұмыстан заңға сәйкес шығарылған деген шешім қабылдады. Айтпақшы, бүгінде қала әкімдігінің дәліздерінде жақын арада Қалмаханов Қарағанды әкімінің орынбасары болады деген сыбыс жүр. Әйтсе де, оны уақыт көрсетер.
Әбдішев денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Төлеген Сәдуақасовтан да қымсынған жоқ. 2013 жылдан бастап, Бауыржан Әбдішев қаланың бас дәрігерінің қыр соңына түсті. Жергілікті ТВ Әбдішевтің ауызына қарап, қала әкімін ғана дәріптеп, соның ғана сөзін көрерменге жеткізіп отырды. Сәдуақасов ісіне қаржы полициясы да қызығушылық танытып, одан, тіпті, ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алды. Дегенмен кейін медицина шенеунігінен айыптаулар алынды, өйткені оның заңсыз әрекеттері туралы ешқандай дәлелдемелер табылмады. Десекте, биылғы наурызда Сәдуақасовты қызметінен, әйтеуір кетіріп тынды. Басқарма басшысы лауазымында ол небәрі екі жыл қызмет етті.
Әбдішев жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен де тіл табыса алмады. Бауыржан Түйтеұлы өзінің баспасөз хатшысының лауазымына бұрын мемлекеттік арналардың бірінде қызмет еткен журналисті алды. Шалғайдағы Қарағандыда лайықты үміткер жоқ деп ойлаған болар. Әбдішевтің баспасөз хатшысының алғашқы ағаттығы, ол қызметтестікке тек астаналық БАҚ-ты тарта бастады. Қарағандылық журналистер де қарап қалған жоқ. Сөйтіп, өткен жылғы қазанда жергілікті газеттердің бірінде облыс әкімінің құны 800 мың доллар тұратын оңаша жәйлі үйде (776 шаршы метр) тұратыны туралы мақала жарық көрді.
– Мен тұрып жатқан үй, менікі емес, – деп мәлімдеді сол кезде Әбдішев журналисмтерге. Кейін бұл сөз журналистер арасында көптеген әзіл мен анекдоттар тудырды.
Сонымен қатар ол журналистерге өз меншігінде Алматыда үш, Астанада төрт бөлмелі пәтер бар екенін жеткізді. Ал 2013 жылғы қазанда әкімнің айлық еңбекақысы 516 мың теңгеге тең болған еді.
Жергілікті телеарналарға әкімдіктен шектен шыққан жәйттерді көрсетеуге тыйым салған „әмірлер„ түскен кездер де болған. Мәселен, Нұра ауданында Әбдішев бір отар қойдың жанында тұрып сұқбат берген еді. Қас қылғандай дәл сол сәтте қошқар саулықтың үстіне шыға қойыпты. Әрине, нұралық қошқардың әкімшлік тарапынан жүргізілген қатаң цензураның құрбанына ұшырап, жергілікті теледидардың жұлдызына айналмағанына, әттеген-ай, деп өкінесің.
Солардың бірнешеуін ғана еске алайық. 2013 жылғы маусымда қаржы полициясы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Арғын Ысқақбековты құрықтады. Қаржы полициясының болжамы бойынша, Ысқақбеков тендерлерді өткізу кезінде түрлі қитұрқы әрекеттерге жол берген көрінеді. Ол, тіпті, тұтқынға да алынды. Экс-шенеунікке 10 жылға сотталу қауіпі төнді. Алайда дүние жүзіндегі ең ізгілікті сот Арғын Ысқақбековке небәрі 3,7 миллион теңге сомасындағы айыппұл салумен шектелді.
Сондай-ақ сот Қарағанды облысы еңбек инспекциясының үш шенеунігіне де ізгілік танытты. Атап айтарлығы, олар қылмыс үстінде құрықталған болатын. Еңбек инспекциясының бұрынғы басшысы Мұрат Қаракекілов үстіміздегі жылғы қаңтарда 2 мың доллар сомасында пара алған еді. Ол өзінің орынбасары Алмаз Махановпен және Жезқазған бөлімінің бастығы Сәлімжан Әуэзовпен бірлесіп әрекет еткен. Барлық БАҚ шенеуніктерді қылмыс үстінде құрықтау түсірілген бейнематериалдарды жариялады. Әділдіктің салтанат құрғанын көрген көпшіліктің көңілі көтеріліп қалды. Ал 29-қыркүйектеҚарағанды қаласы Қазыбек би ауданы сотының судьясы Ерлан Сексенов үкімді жария етті. Сөйтіп, сот еңбек инспекциясының экс-басшысын 1 200 000 теңге сомасындағы айыппұлды төлеуге міндеттесе, оның орынбасары Алмаз Маханов үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ал Жезқазған еңбек бөлімінің басшысы Сәлімжан Әуэзов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ Бауыржан Әбдішев ән айтқанды жақсы көретін. Музыкалық орындаушы ретінде ол сахнаға алғаш рет «Ән арнадым саған, Қарағанды!» байқауы шеңберінде шықты. Бұл осыдан екі жыл бұрын болған еді. Міне, осындай өзіндік қарағандылық патриотизм. Орайы келгенде айтайын, осы екі жыл ішінде Қарағандыда бірде бір бала бақшасы салынбады.
Тағы бір айтарым. Бауыржан Әбдішевтің жергілікті телеарнаға берген сұқбатында: сыбайлас жемқорлықты әлі ешкім жеңген жоқ, деген сөзі көп адамдардың жадында қалады, деп ойлаймын.