Архимед Ысқақов Қазақстандағы білім беру саласына деген көзқарасты түбегейлі өзгерткенімен танымал, бірақ ол мұны төңкеріс түрінде жүзеге асырған жоқ. Ең танымал қазақстандық педагог өзінің, яғни, «Архимед мектебінің» негізін қалады және мемлекеттен үлесін сатып алды. Енді бізге енгізген жаңалықтары мен өзінің жалпы білім беруге деген көзқарасы туралы әңгімелейді.
— Қазақстанда сізді жаңашыл ұстаз, мектеп директоры, ал енді оның иесі ретінде біледі. Сіз мемлекеттен үлесіңізді сатып алдыныз. Дұрыс айтам ба?
— Иә, ол солай.
— Енді не өзгерді?
— Бұл 27 жылдық қызметімнің қисынды нәтижесі. Мен өзімнің білім беру тұжырымымды жүзеге асыру туралы шешім қабылдадым. Мемлекеттен үлесімді сатып алу маған өзімнің білім беру стратегиямды ешкімге алаңдамай жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
— Енді өзіңіздің данышпан аттасыңыз сияқты, ваннада жатқанда сізге қандай кемеңгер ой-пікірлер келеді?
— Оларды соншалықты кемеңгер деп айта алмаймын, тек бір мектепте білімді жақсы деңгейге көтеріп, жаңа әлеуетті пайдалануды ғана ойладым. Осыдан 27 жыл бұрын біз өз мектебімізді ашып, күйреуге ұшырамай 2 жыл жұмыс істегенімізде, бүкіл Кеңестер Одағы бойынша жаңа сынақ алаңдары – лицейлер, гимназиялар, жеке меншік мектептер ашыла бастады. Мен дәл осылай, өз әріптестерімнің арасында білім берудің жаңа идеяларын индукциялауға болады деп ойлаймын.
— Ал мұғалімдердің еңбекақысын көтересіз бе?
— Жекеменшік мектептерде бұрыннан жақсы еңбекақы төленеді. Біз мұғалімдерге мемлекет тарапынан талаптарды басшылыққа алуды қойдық.
— Бұл сізге неғұрлым кәсіби білікті мұғалімдерді тартуға мүмкіндік береді ме?
— Барымен базармыз. Қазір білікті ұстаздар өте аз.
— Ал, Архимед, дайындалыңыз, мен енді сізді сұрақтарымның тұңғиығына батырамын. Жаңа оқу жылы басталды. Бізде линейкада есінеп тұрған балалардың суреттері бар. Неге олардың іші пысыды?
— Біріншіден, линейканы тым созып жібереді.
— Ал сіздің мектепте линейкалар өткізіле ме?
— Иә. Бірақ линейканы 45минутқа дейін қысқарту керек. Белгілі бір дәстүр, әдет енгізген жөн. Біз өз мектебімізде солай жасаймыз.
— Кейбір балалар мектепке барғысы келмейді, қорқақтайды. Не болып жатыр ол жақта?
– Ондай жағдай бұрыннан бар. Балалар мектеп туралы түрлі жағымсыз ақпарат естиді. Баланы келе жатқан оқу жылы алдындағы қорқыныштан арылту үшін мамыр айының соңында мектеп директорымен келісіп баланы 2-3 күн мектепке апарып, ондағы жағдаймен таныстырған жөн. Бала мектептегі жағдайдың жақсы екенін, онда өзі сияқты ұл-қыздардың оқитынын көзімен көреді. Олардың мектепте тамақтанатынын, футбол ойнатынын, сабақ оқитынын, олардың қасында жақсы апайлардың жүретінін біледі. 100 күннен кейін мектепке барғанда ешқандай қорқыныш болмайды.
— Ал сіз мұғалім бола тұрып, балаларды қалай ынталандырдыңыз, немен қызықтырдыңыз?
– Қалыпты қарым-қатынаспен және әзілмен. Кәдімгі балаға ерекше жағдайдың, жеке репетитордың қажеті жоқ.
– Ал оларды сіз қалай жазалайсыз? Шектен шыққан кезіңіз болды ма?
– Әрине. Ондай жағдайда қатеңді мойындап, кешірім сұраған жөн.
— Сіз өзіңіздің педагогикалық қателеріңіз үшін кешірім сұрауға дайынсыз ба?
– Мен әр уақытта солай жасаймын. Кез келген аудиториядан, балалар болсын, ересектер болсын кешірім сұрауға дайынмын. Мен де адам баласымын ғой, кейде қателесем.
— Өз балаларыңызды қалай жазалайсыз?
– Жазаламаймын. Кейде ренжимін.
— Яғни, сіздің балаларыңыз еркін, демократиялық жағдайда өсіп жатыр ғой?
– Солай деп ойлаймын. Қалыпты жағдай балаларға да ауысады. Түзу адамды 7 жасында да, 27 жасында да, 87 жасында да құрметтейді. Сіз адамды жас шамасына ғана қарап сыйлауға міндетті емессіз. Егер ол 80 жасқа келгенше елі, жері үшін жақсылық жасамаса. Ал балалардың басым көпшілігін сыйлау керек.
— Бүгін мектептегі жұмыс мөлшері үлкен. Жоғары сыныптардағы орыс тілі аптасына 1 сағатқа дейін қысқарған, бірақ одан жалпы жүктеме азайған жоқ. Кеңес мектебінде 5-6 сағат оқытылатын материал 1 сағатта игерілуде. Әңгіме, жалпы, тілді оқытуға қатысты. Осылай тілді игеру мүмкін бе? Мұғалім мен оқушыны осылай жүктеудің мәні бар ма?
– Білесіз бе, сіз тек мәселенің бір шетіне ғана тидіңіз. Орыс тілі мен әдебиетін қысқартты. Бүгінгі күні көптеген орыс жазушылары, оның ішінде, көрнектілері де маңыздылығын жоғалтты. Мәселен, Некрасов «Кому на Руси жить хорошо?». Пушкиннің «Евгений Онегині».
— Ал Онегин неліктен?
– Өйткені балалар оны түсінбейді, заман өзгеріп кетті.
— Яғни, балалар соншалықты сауатты емес пе?
– Олай деп айта алмаймын. Тілдің белгілі бір бөлігі белсенді қолданыстан шығып қалды.
— Оларды тарихқа кіргізу керек шығар.
– Горькийдің «На дне» пьесасы жоғарғы сынып оқушыларын қызықтырмайды.
— Оларды бүгін не қызықтырады? Және олардың жетегіне жүру жөн бе?
– Менің ойымша, мәселе дұрыс қойылып отырған жоқ. Жетекте жүрудің қажеті жоқ, дұрыс баға, дұрыс түсініктеме берілген көрнекті шығармаларды таңу қажет.
— Ешнәрсені таңудың қажеті жоқ. Кітап оқуға құмарлықты дағдыландыру керек.
– Мен жақсы дүниені таңу керек, соны мәжбүрлеп үйрету керек деп есептеймін. Әрине, беймазаламай. Баланы жақсыға баулу әрқашан қиын, ал жаман нәрсені олар бірден қағып алады.
— Өзім тап болған тағы бір мәселе бар. Шығармашылық оқулығы. Халық ауыз әдебиеті. 5 сынып. Өте ауыр тілмен жазылған. Мұғалім оқушы мен оқулық арасындағы аудармашы іспетті.
– Оқулықтар үлкен қиындықтар тудыруда. Тек кәсіби мамандар оның қаншалықты нашар екенін бағалай алады.
— Сіз заманауи білім берудің кеңестік білім беру жүйесінен бір шама нашар дегенмен келісессіз бе?
– Бөліп талдайық. Кеңестік білім жүйесінің үш елеулі қиындығы болды. Біріншісі – идеология тым артық болды. Тіпті, математиканың өзін осы тұрғыдан оқытатын. Екіншісі – тілдік базаны толығымен елемеу. Барлығы туа сала орыс тілінде сөйлейтін, бірақ бір бетте 17 қате жіберетін. КССРО-да тілдерге деген менсінбеушілік болды. Ағылшын тілін 60-жылдардағы долылықтың арқасында оқытты. Біз ағылшын және американдық империалистер бізге қарсы соғыс ашады деп ойладық. Неміс тілін Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткендіктен оқытты. Француз тілін дәстүр бойынша 1812 жылғы соғыста жеңгендіктен оқытты. Қытай тілін 1968 жылы Жалаңашкөлдегі оқиғадан кейін оқыта бастады. Мүмкін соғыс басталып кетеді. Сондықтан тілді «хэндэ хох» деңгейінде үйрете бастады. Және үшіншісі – ғылымның қолданбалы бөлігі ешкімді қызықтырған жоқ. Біз ең жақсысы балаларға, дедік. Ал балалардың денсаулығы туралы ешкім ойлаған жоқ. Барлығының баласының дені сау және олар денелі болатын.
— Ал енді жақсы жағы туралы айтыңыз.
– Фундаментальдық база – математика, физика, химия күшті болатын. Бізден кейін ағылшындар тұрды. 1954 жылы алғашқы жер серігін, 1961 жылы адамды бірінші рет ғарышқа ұшырған, соғыстан кейін күйреген экономиканы көтерген елдің білім беру саласы, әрине, өте мықты болды. Мен тек 60-жылдардың соңына қарай еліміз өзінің үздік жетістіктеріне қол жеткізді деп ойлаймын. Өйткені сол жылдары ядролық қару ойлап табылып, оны зымыранмен әлемнің кез келген бұрышына жеткізуге қол жетті. Одан кейін білім беру жүйесі күйреуге ұшырады. Бүгінге жеткені 50-70-жылдардан қалған сарқыт.
— Ал қазіргі жағдай шы?
– Бүгінгісі таза схоластика. Фундаментальдық, яғни, іргелі білім жоқ. Тек физико-математикалық ілімге ден қойдық. Сөйтіп, күні бойы орасан зор есептер шығарумен шектеледі. Мен математиканы қаншалықты құрметтесем де, әлемде балаға үйрететін заттар жетіп жатыр. Сондықтан оған соншама математиканың қажеті жоқ.
— Екі дос. Біреуі көп оқиды. Ешқайда шықпайды және өмірге мүлдем бейімделмеген.
– Ол нағыз ботаник қой. Оларды солай атайды.
— Екіншісі ештеңе оқымайды, көшеден қап қара, алба-жұлба болып келеді, бірақ өте дербес. Осы екеунің арасындағы алтын көпірді қалай тауып, баланы қоршаған ортаға бейімдеуге болады?
– Жөні түзу адам күні бойы диванда жатып, теледидар көргенді теріс көрмейді. Ал Чехов былай деген еді: әркім өмір бойы құл болудан арылуға тырысады.
— Осы сөзіңіз үшін тағы бір рет қолыңызды алдым. Ал мектеп «ботаниктер» мәселесін шеше ала ма?
– Жоқ. Мектеп бұрын да бұл мәселені шешкен емес.
— Ал мен шешуі керек деп ойлаймын. Барлық отбасылар толық емес. Барлығының жағдайы мәз емес.
– Мектеп барлығын шеше алмайды. Сіз ата-ана ретінде әу-баста құндылықтарды бөлуіңіз керек еді. Ал егер отбасы болмаса, білім беру күйреуге ұшырайды. Отбасы құндылық ретінде жоқ.
— Яғни, тәрбиеде мектепке сенім артудың қажеті жоқ қой?
– Менің кәсіби, педагог ретіндегі жетістігім мен балалардан адам жасадым. Мен әу-баста жақсы материал алдым. Мен оны көркемдей аламын, бірақ қадағалай алмаймын.
— 365info.kz порталында американдық журналистер Стив Хорн мен Алина Руффаның материалдары жарияланады. Олар қазақстандық білім беру жүйесінің британдық және американдық университеттермен және ҒЗИ-мен келісімдерге отырғаны туралы жазады. Бірлескен білім беру жобаларын бір кезде қазіргі білім министрі орталық-азия жобасының үйлестірушісі ретінде қызмет еткен Дүниежүзілік банк қолдап отыр. Осындай қызметесудің артықшылықтары мен кемшіліктері неде деп ойлайсыз?
– Мен бұл жаман емес деп ойлаймын. Өйткені Қазақстандағы білім берудің қазіргі жағдайы өте нашар. Кәсіби мамандар жоқ. Бірде бір қазақстандық жоо әлемдегі үздік 1000 ЖОО-ның рейтингіне кірмейді. Сондықтан мамандарды шақыру керек.
— Шақырдық, ал нәтиже бар ма?
– Нәтиже жаман емес. Біз Қазақстан нарықтық экономиканың жақтасы, ендеше, ауқымды инвестиция тартуға болады деп ойлаймыз. Мұнда бірлескен кәсіпорындар болады, ал оларға мамандарды қомақты қаржы жұмсап, шетелде дайындағаннан гөрі елімізде оқытқан дұрыс.
— Ал қазір біз неге солай жасамаймыз?
– Тырысып жатырмыз. Әлемде Қазақстанға қызығушылық танытатындар соншалықты көп емес. Іштен біз ешнәрсе тындыра алмаймыз. Жағдай нашар. Сырттан тарту керек.
— Бұл толық жарыместіктің сипаттамасы ма?
– Жоқ. Білім беру мәселелерін толық ұмыт ету мен түсінбеушіліктің сипаттамасы.
– Әңгімеміздің соңында мен сізге бірнеше қысқа сұрақ қойғым келіп отыр. Олар сіздің көне дәуірдегі аттасыңыздың цитаттарының негізінде құралған. Архимед былай деген: «Адамдар кіммен болатынын шешкен сәтте жемісті, табысты болады». Сол сәт сіздің есіңізде ме?
– Білесіз бе, мен қырық жасқа келер сәтімде ғана балаларды жақсы көретінімді түсіндім. Оған дейін мен өзіме жоғары сынып оқушыларымен қызық деп ойлайтынмын.
– Ал сіз ВГИК-тің актерлік факультетінен ҚазМУ-дың мехматына неліктен ауыстыңыз?
– Мен екі фильмде басты рөлде ойнадым. Бірақ ол мені еліктірмеді. Бұл өте ауыр жұмыс
— Архимедтің сөздері: «Жақсы әдет адамды жаман әдет сияқты баурап алады. Бірақ олар неғұрлым пайдалы». Сіздің қандай жақсы әдеттеріңіз бар?
– Барлығын аяғына дейін жеткізу.
— Ал жамандары ше?
– Олар өте көп. Әр кезде адамдардың пікірімен санаспаймын. Сәтсіздіктеріме қатты қайғырамын. Әр уақытта ұқыпты, ілтипатты бола алмаймын.
— Архимед теоремаларының арасындағы менің сүйікті теоремам – махаббат. Оны күнделікті дәлеледеу қажет. Мен сізге өз оқушыларыңызға және балаларыңызға қатысты махаббат тілеймін! Сізді ешқашан жылқы тістемесін! Дегенмен егер сізді түсіңізде жылқы тістесе – ол мансабыңыздағы табысты және жоғарылауды білдіреді. Бізде қонақта болған Архимед. Сіздермен бірге болған Дельцова. Көріскенше!