Вьетнам астанасының маңында ресейлік Ми-171 әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақ жаттығуларға қатысып жатқан парашютшілерді тасымалдап жүрген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тікұшақ түгел жанып кеткен. Ресми мәліметтерге қарағанда, 16 адам қаза болды, Бесеуі жараланды. Бортында Вьетнам әскерінің 916-полкының барлық 21 әскери қызметшісі болған. Апат салдарынан жерде ешкім де зардап шекпеген.
Ми-171 әскери-тасымал тікұшағы Ми-8 тікұшағының экспортқа ыңғайланған модельдерінің бірі. Оның міндеті – десанттарды, барлау операцияларын, торуылдауды тасымалдау және жедел түсіру. Сондай-ақ Ми-171-ді құтқару операцияларын жүргізу үшін сатып алады. Бұл техника әлемнің көптеген елдеріне, соның ішінде Қытайға, Бразилияға, Суданға, Чехияға, Хорватияға жеткізілген.
Улан-Удэдегі авиация зауыты шығарған төрт Ми-171 тікұшағы 2005 жылы Вьетнамға сатылды. Сол кезде Вьетнам қорғаныс министрлігі оның сапасына ризашылығын білдірген және жаңа жеткізілімдер жөнінде уағдаласқан болатын.