Украина аумағында құлаған малайзиялық лайнер апаты – әлемдегі мыңдаған адамдардың шексіз қайғысы ғана емес. Әлемдік БАҚ бұл одан да үлкен апатқа – соғыстың басталуына себепкер болмай ма деген мәселені талқылауда.
«Австралия Премьер-министрі Тони Эббот Путиннің реакциясы қанағаттанарлық емес деп есептейді. Әлем әліптің артын бағып отыр: бұл соғыстың басы бола ма?
«Жазмыш Барроустар отбасының қыр соңына түсіп алғандай – олар наурыз айында ғайып болған «Малайзия авиажолдарының» лайнерімен бірге ұлы мен келінінен айырылған еді. Міне, қайғы қайтадан келді – Украина аумағында атып құлатылған ұшақта олардың туысқандары болған. Отбасы аза тұтып, журналистермен қарым-қатынасқа түсуден бас тартуда».
«MH17 тергеушілері Украинадағы әскери әрекеттер жүріп жатқан аймақта үлкен қиындықтарға тап болуда.
Тергеушілер «Малайзия авиажолдары» рейсімен не болғанын анықтауға тырысуда, бірақ бітпейтін қиындықтарды кезіктіруде. Мәселе, тіпті, апат орнында шоғырланған қарулы содырлар немесе жергілікті тұрғындар тарапынан олардың жеке қауіпсіздігіне төнген қауіпте емес. «Ол жерді әскерилер бақылауға алған,қарулы адамдар біздің адамдардың қыр соңынан қалмайды… Ұшақ жасалған материалдар мен ол жабдықталған құралдар үлкен құндылыққа ие».
«Апат орнынан ақпарат түскен сайын айыптаулар саны да арта түсуде.
Әзірше, Арсений Яценюк пен Владимир Путин бірін бірі малайзиялық ұшақты жою жөнінде айыптауда, халықаралық сарапшылар шағын қаланың аумағына пара пар аймақта ұшақтың қалдықтарын жинауда. Ангела Меркель ең болмаса, тергеу аяқталғанша оқ атуды тоқтатуды талап етті ».
«Украина мен Ресей бірін бірі айыптауда. Сепаратистер интернеттте орналастырлған экипажбен болған әңгіме жалған жазба, деп мәлімдеуде. Сепаратистер көшбасшыларының бірі Игорь Гиркин өзінің Facebook-тегі парақшасында жүк ұшағы құлады деп жазды. Кейінірек ол ақпаратты алып тастады.
Сепаратистер Украина билігін апат орнына жібермеуде және 12 қара жәшіктің 8-зі табылып, Мәскеуге жіберілді, деп мәлімдеуде».
«Жолаушылардың арасында Дүниежүзілік денсаулық қорғау ұйымының 100 қатысушысы болған».
« Malaysia Airlines апаты: Ұшақ апатынан кейін әлем Ресейден түсініктеме беруді талап етуде. АҚШ Кремль қаруландырған бүлікшілдерді сынға алуда, ал Хиллари Клинтон «298 адам қаза болған зымырандық шабуылдан кейін, Путин тым қатты кетті», деп мәлімдеді.
«Неге авиакомпаниялар Украинаның қауіпті аспанын айналып өтпейді? БҰҰ-ның Азаматтық авиация халықаралық ұйымы әскери әрекеттер жүріп жатқан аймақтардың әуе кеңістігіне кірмеуді табанды (қатаң түрде) талап етті. Осы орайда, барлық елдердің үкіметтеріне өз авиакомпанияларына осыны жеткізуді тапсырды. Көптеген авиакомпаниялар осындай ескертулерге қарамастан, жанармайды үнемдеу мақсатында Украинаның әуе кеңістігімен ұшуды жалғастыра берді. Енді осы авиа апаттан кейін авиакомпаниялар халықаралық бағыттарға өзгерістер енгізуге мәжбүр болады, бұл, әрине, авиабилеттер бағасының өсуіне әкеліп соғады».
«Ол МН17 оқ атуға бұйрық берді ме? Барлық іздер… Жолаушылар ұшағын атқылауды тергеу Мәскеуден келген Игорь Гиркинге жетелеуде. Лақап аты: «Полковник Игорь Стрелков» . Ол Ресей армиясының экс-полковнигі,әскери барлаудың экс-офицері, қазір Сепаратистік Донецк республикасының қорғаныс министрі деген жалған атақты пайдаланушы.
«МН17 рейсінің жолаушылары кім? Әлемдік қоғам малазиялық компанияның ақпаратты тым сылбыр беруіне ашулы. Оны Малайзия Airlines әр отбасымен жеке байланысқа шығу біраз уақытты талап етеді, деп түсіндіруде. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жолаушылар тізімі жарияланғаннан кейін, екі жолаушының ұшаққа ұрланған төлқұжатпен отырғаны анықталды. Қазір олардың жеке басы анықталуда».
«Батыс аясатшылары авиалайнерді Мәскеу қолдап отырған украин сепаратистері атып құлатты, деп есептейді. Австралия премьер-министрі Тони Эббот өзінің мәлімдемесінде Кремльден осы апаттың артында тұрған сепаратистер туралы сұраққа жауап беруді талап етті. Ресей президенті Владимир Путин бұл апатты «трагедия» деп атады, бірақ Boeing 777-ні кімнің атып құлатқанын айқан жоқ. Осы орайда, Барак Обама мен Марк Рютте апат дәлелдемелерінің Украинда қалуын талап еткен еді. Олардың ойы бойынша, сонда халықаралық сарапшылардың шындыққа қол жеткізуге мүмкіндігі болушы еді».