Украинаға қатысты мәселелерде НАТО «қырғиқабақ соғысы» кезіндегі ахуалды қайта тудырған Кремльді табанды түрде сынға алуды жалғастыруда.
Атап айтарлығы, Ресейдің стратегиялық ойлау қабілеті 20 ғасырдағы аяусыз геосаяси ойындарды еске салса, орыс армиясының әскери-талдау және тактикалық маневрлері әлемге 21-ғасырда әскери сценарийлерді жүзеге асырудың жаңа моделін көрсетті. Бұл модель шағын, кімге тиесілі екені белгісіз арнайы мақсаттағы отрядтардың әрекеттерін пайдаланудан, кибер-соғыс жүргізу өнеріне дейінгі кең ауқымды құралдар жиынтығын қолдануды қарастырады.
Ондаған сұқбаттарда қауіпсіздік жөніндегі түрлі мамандар, жалпы еркін әлемнің барлаушылар қауымдастығы «Қырым аншлюсінің» әдемі жүзеге асырылғанын бірауыздан, бірақ қызғанышпен жоғары бағалауда.
Олардың барлығы тактикалық тұрғыдан Ресей өте зымияндық, бірақ түсінікті сценарийді жүзеге асырғанын айтады. Атап айтарлығы, олар әр кезеңде қарсыластарынан бір адым алда болды. Аталған қауымдастық сарапшыларының бірі операциялар «шебер әрі өрнекті» орындалды, деп атап көрсетті.
«Мен қайран қалдым.Бәрін жоққа шығаруды тамаша орындады. Бұл операция өте дәл әрі әдемі өлшенген. . . Үнсіз, бірақ тиімділігі кісі өлтірерліктей», – деп мәлімдеді «Корольдіктің әскери зерттеулер мен қорғаныс жөніндегі біріккен орталығының» халықаралық директоры Джонатан Ивал. Батыс «Қырым операциясының алғашқы сәттерінен бастап қырағылықтан айырылып қалды».
Маусымның басында НАТО есін жиып, осы мәселені шешуде ілгерілеушілікке қол жеткізуге тырысты. Санкцияларды енгізу талқыланып, жүзеге асырылды. Ресейден Днепрдің шығыс жағалауындағы процесстерге араласпау талап етілді.
Ресей даурығып, өзінің араласуын жоққа шығарды. Ал Ресейдің СІМ-і ресейлік қарудың Ресей-украин шекарасынан асырылатындығы туралы айыптауларды негізсіз, деп мәлімдеді.
Мәскеудің Украинаның шығыс облыстарын шырмауға алғанына дәлелдемелерін іздеу, НАТО-ның осы мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысуының кез келген талпынысына кілт болуы мүмкін. Алайда ол жақта Ресей Қырымдағыдан да асып түскен зымияндықпен әрекет етіп, өзін әшкерелеуге жол бермеуде.
«Қырымда ірі күштердің шоғырландырылғаны күмәнсіз», – дейді НАТО-ның жоғары лауазымды қызметкерлерінің бірі. «Шығыс Украинада арнайы жасақ әрекет етуде. Ол жақта олар аз,дәлірек айтсақ, көп емес… Олар жасырын, әрі жылдам әрекет етуде, негізгі нысандарды жойып, қалған істі жасақшыларға қалдыруда».
Осы қызметкер камуфляж нысандағы киім киіп, орыстардың қымбат бағалы дыбыссыз «Вал» автоматымен және «Винторез» снайперлік кешенімен қаруланған алты адамнан тұратын арнайы бөлімшелер топтарының Украинаның шығысындағы жасақшылар позициясынан көрінгеніне сілтеме жасады.
Солтүстік Атлантика альянсы әскери барлауы басшыларының тұрақты бақылауына алынған кейбір санаттағы адамдар да бар.TheFinancialTimes-та суреттері бар папкілер көрсетілген, олардың ішінен НАТО әскери барлауының жетекшілері қарулы емес, керісінше, бейбіт сипаттағы адамдардың әрекетінен кейбір ерекшеліктерді байқаған.НАТО-ның барлау органдарының пікірі бойынша, ол адамдар тобыр ішіндегі өздерінің орналасуы бойынша ұжымдық әрекеттерге басшылық жасаған.Олар өз қызметін халықаралық, ішкі барлау және қарсы барлаумен ұштастырған Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің және Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болуы мүмкін.
Тіпті, осы суреттерді айғақ деп атасақ та, олар тек жанама дәлелдер. Ал ФҚҚ уақытты жоғалтпай, Украинадағы ұзақ мерзімдік жұмысқа дайындалуда, яғни, «қырғиқабақ соғыс» аяқталғаннан кейін айналысқан істі жалғастыруда, әсіресе, ол жерде өз аппаратын ұстау жөніндегі тарихи қалыптасқан дәстүрді ескере отырып.
«Жақын шетел туралы әңгіме болғанда, ол жерде СБҚ емес, ФҚҚ жұмыс істейді, – деді Лондондағы Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының трансұлттық қауіптер жөніндегі директоры және 2006 жылға дейін барлау және операциялар бойынша МИ-6 директоры Найджел Инкстер. – Ресей үшін, ол(Украина) – әлі күнге шейін ішкі саясат мәселесі».
«Бүкіл әлем шығыс Украинада танктер мен жаяу әскер бөлімшелерін іздеуде, бірақ орыстар әрқашан арнайы мақсаттағы әскерді және барлау қызметін дамытуға өте көп қаржы жұмсады,қазір олар сол жерде жұмыс істеуде».
Инкстер мырза қазіргі қолданылып отырған әдіс «жоспарлауды, айдап салуды, жергілікті қарулы жасақты және барлауды» қосатын «ФҚҚ-ның классикалық тактикасы», дегенді қосты. Ондай әрекеттер үшін көп адамның қажеті шамалы.
НАТО басшылығындағы ақпарат көзі көтерілісшілер қимылының реті оны біреудің басқарып отырғанын көрсетеді, деді. Жасақшылар бірінші кезекте үкіметтік ғимараттарға және байланыс орталықтарына, одан кейін әскери қоймалар мен нысандарға шабуыл жасап отырды.
Олар украин армиясының алдын бірнеше рет орып кетті. Мамырда Константиновкода Киевтің «Донбас» батальоны ресейлік арнайы б-л3мшелер мен олардың ықпалындағы жасақшыларға торуыл қоймақшы болған еді, бірақ нәтижесінде батальонның өзі қақпанға түсіп, толық дерлік жойылды. Маусымның басында көтерілісшілер Луганскіде екі әскери қойманы басып алды.
НАТО-ның шығыс Украинадағы оқиғалар туралы есебі жоғарыда аталған табысты операциялардың артында қуатты барлау машинасының тұрғанын көрсетеді. Шын мәнінде, Украинадағы оқиғалар ішінде НАТО-ның срапшы-стратегтерін таң қалдырғаны дәл сол барлау ресурсы сияқты.
Мәскеудің классикалық сипаттағы агентуралық «жанды» барлауы осындай қызметті ұйымдастыруда әрқашан Киевтің алдын орып кетіп отырды. Украинаның Қауіпсіздік қызметінің мамандары елден қашқан президент Янукович үкіметінің мемлекеттік қызметтегі шенеуніктер арасында өте көп тыңшы орналастырғанын айтады. Жалпы, олардың саны барлық құқық қорғау және қауіпсіздік, барлау және қарсы барлау органдары жоғары басшыларының үштен бір бөлігін құрайтын көрінеді.
Ал бұдан бөлек кибер-кеңістік бар емес пе. Ресей «Змея» деген сұрқия вирус ойлап тапқан, деп есептелінеді. Ол жүздеген, тіпті, мыңдаған электрондық мәліметтерді басқару жүйесін талқандаған, нәтижесінде орыс барлауы көптеген арнайы қызметтердің базаларына кіруге мүмкіндік алған.
НАТО-ға әлі Ресейдің жасырын әрекеттеріне пара пар жауап беру қажет.
«Біз оны ықпал ету операциясы ретінде сипаттаушы едік. Ресей күштің барлық құралдарын табысты пайдалана білді – ақпаратты, саясатты, дипломатия мен әскери қуатты – нақтысы мен жасырынын да. Сондай-ақ экономикалық құралдар да болды».
Осының бәрін ескере отырып, Ресейді баяғы социализм-капитализм текетіресі заманына шегінді деп айыптаған НАТО-ның өзі Ресейге қарай әскери ұшақтар мен кемелердің ұзын-сонарын жіберіп отырған, «қырғиқабақ соғысының» батпағына шыланған тараптың өзі емес пе деген мысқыл ойға қаласың.
«FinancialTimesUK» , Сэм Джонс, Роман Олирчук Киевтен және Кортни Уивер Донецкіден