«Аңыз адам» журналының Адольф Гитлерге арналған сәуір айындағы саны қоғамымда үлкен пікірталас тудырып, оның арты дау-дамайға айналды. Сөйтіп, қоғам екіге бөлінді, бірі — журнал фашизмді мадақтап, Гитлерді ұлықтайды десе, екінші тарап атап айтқанда, журналдың бас редакторы мен басылымның шығармашылық ұжымы журналда ондай мәселе айтылмаған деп мәлімдеуде. Журналға қоғамымыздағы белгілі ақсақалдар, атап айтқанда, ақын Мұхтар Шаханов, халық әртісі Асанәлі Әшімов, белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелді және тағы басқа қоғам қайраткерлері ара түсті.
Бүгінгі біздің сұқбаттасымыз — «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жанындағысараптамаларқоғамдық орталығының жетекшісі Ғалия Әженова.
Ғалия Хәкімқызы әңгіме барысында сарапшылардың тұжырымдамасына сәйкес, «Аңыз адам» журналының сәуір айында жарық көрген № 8 номерінде жарияланған материалдарда экстремизмді ақтаудың белгілері және қандайда бір араздық тудыратын басқа сөздердің жоқ екенін айтып өтті.
Ал қоғамның кейбір бөлігінің наразылығы журнал шығарылатын мемлекеттік тілді білмеудің салдарынан туындап отыр.
— Өйткені, наразылық білдіріп, сотқа жүгінген ардагерлердің ешқайсысы журналды түпнұсқада оқымаған, олар журналда не туралы жазылғанын біреулердің сөзінен біліп отыр. Ендеше, жазылғанның шынайы мазмұнын білмей отырып, қалай қорытынды жасауға болады? — дейді Ғ.Әженова.
Сонымен қатар, біздің сұқбаттасымыз ҚР Жоғары сотының 2001 жылғы 21-маусымдағы «Соттардың моральдық залалды өндіру жөніндегі заңдылықты пайдалануы туралы» Нормативтік қаулысына назар аударды. Онда былай делінген: моральдық залал тұлғамен (сотқа жүгінген азамат) ажырамайтын байланыстағы жеке мүліктік құқықтар мен игіліктер бұзылған жағдайда өндіріледі. Бұл дегеніңіз, талапкер адамдар журналдың нақты мәтінінде қалайда аталуы керек деген сөз. Атап айтарлығы, сот талапкерлердің жеке мүліктік құқықтарының бұзылғанын дәлелдеуі керек.
http://youtu.be/4Y2QsXwVt4A