Украинаның шығысында Амстердам – Куала-Лумпур бағыты бойынша ұшып бара жатқан Malaysia Airlines компаниясының Boeing-777 ұшағының апаты әуе қозғалысын ұйымдастыру жауапкершілігі Украинаға жүктелетін аймақта орын алған. Әуе лайнерінде 298 жолаушы болса, олардың 85-сі балалар екен. Әуе апатынан ешкім тірі қалған жоқ. Киев билігі бірден жасақшыларды айыптай бастады.
Украина тарапының айтуы бойынша, Boeing-ті жасақшылар қолында бар-мыс «Бук» зениттік зымыран кешенімен атып құлатқан. Осыған орай, президент Петр Порошенко тіпті Украинаға НАТО әскерін енгізу қажеттігі жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл дегеніңіз, Киев оңтүстік-шығыста жеңіске жете алмайтынына көзі жетіп, елдегі жағдайды шетелдік әскери күштің көмегімен реттегісі келеді деген сөз.
Бұл апатқа Ресейдің қатысы туралы пікірлер де айтылуда. Украинаның Бас прокуроры Виталий Ярема көтерілісшілер Украинаның қаруындағы «Бук» және С-300 кешендерін басып алған жоқ, деп мәлімдеді. Ендеше, Украина қауіпсіздік қызметінің (УҚҚ) басшысы Валентина Наливайченконың айтуынша, «жолаушылар авиалайнері Ресей аумағынан әкелінген «Бук-М» зениттік-зымырандық кешенмен атып құлатылған. Оның дәлелдемелік негізі бар».
Бұлтартпас дәлел ретінде бейнеролик пен аудиожазба ұсынылған болатын. Алайда ату қондырғысына штаттық төртеудің орнына үш зымыран орнатылған «Бук» зениттік-зымырандық кешенді Ресей аумағынан әкелінгеніні-мыс туралы бейнеролик Киев бақылауындағы аумақта – Красноармейскіде түсірілген болып шықты.
Жасақшылар мен Ресей арнайы қызметі арасында азаматтық ұшақты атып құлату туралы болған әңгіме жазылған-мыс аудиожазба да жалған болып шықты. УҚҚ ұсынған жазба ұшақ құлаудан бір күн бұрын монтаждалған болып шықты. Ендеше, УҚҚ 17-шілдеде не болатынын біліп, алдын-ала дайындалған ба? Бұдан тыс, әуе қозғалысы қызметі диспетчердің экипажбен барлық сөйлесуін тіркеуге алып отырады, алайда ол жазбалардың барлығын УҚҚ тәркілеген, және оларды тыңдауға ешкімге рұқсат бермей отыр.
Қалтасында Бас барлау басқармасы қызметкерінің куәлігі бар ресейлік тыңшыларды ұстайтын УҚҚ сепаратистерге «Буктардың» зымырандарын дәлдеп атуға көмектескен ресейлік әскери мамндарды құрықтағанын мәлімдеді. Атап айтарлығы, олардың қалтасынан тиісті жазу жазылған әскери билеттер табылған көрінеді. Бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтындығы зениттік зымыранның ұшу траекториясын көзбен дәлдеудің мүмкін еместігінде. Біріншіден, «Бук» кешені – әрбір атудан кейін оның нәтижесін хабарлайтын зеңбірек емес. Екіншіден, сағатына 900 километр жылдамдықпен ұшып келе жатқан Boeing минутына 15 километрді артқа тастап, зымыранмен көздеп құлату аймағынан тез шығып отырады.
Үшіншіден, ол кешендер қайда? Киевтің жауабы дайын: «Букті» украин аумағынан қайтадан Ресейге алып кеткен. Тағы да болмайтын әңгіме. Біріншіден, «Бук» ЗЗК-сы — ашық далада жасыру мүмкін емес арнайы машиналар колоннасы. Оның үстіне, қақтығыс орын алған аймақты американдық әскери спутниктер тұрақты бақылауға алған. Екіншіден, негізінен төмен ұшатын нысандарды ататын жасақшыларға мұндай кешеннің қажеті шамалы. Үшіншіден, оны шекарадан өткізуге қарағанда, кез келген сайдың ішінде жойып жіберген оңай.
Сондай-ақ әскери әрекеттер жүріп, әскери ұшақтар атылып құлап жатқан аймақпен авиалайнердің ұшу фактісінің өзі көптеген сұрақтар тудыруда. Амстердам – Куала-Лумпур рейсінің ұшу жоспары 10,66 километр биіктіктен жоғары ұшуды қарастырады, бірақ ұшқыштар украиндық диспетчерлердің талабы бойынша 10,05 километрге дейін төмендеген. Атап айтарлығы, ұшу бағыты Донецк облысына қарай түзетілген (ауытқу, шамамен 450 шақырымға тең болған). Ал бұрын бағыт Азов теңізінің үстімен, Қырымға жақын өтетін.
Айтпақшы, Қырым Ресей құзырына өту туралы шешім қабылдағаннан кейін, Украина бірден түбектің үстінен ұшу қауіпсіз емес деп жариялап, барлық шетел авиакомпанияларының ұшуына тыйым салды. Киев билігінің пікірі бойынша, әскери әрекет жоқ Қырымның үстімен ұшу қауіпті, ал соғыс жүріп жатқан Донбасстың үстімен ұшу қауіпсіз. Тек малайзиялық лайнердің апатынан кейін Еуробақылау бүкіл Украина үстімен азаматтық авиацияның ұшуына тыйым салды.
Апат орнында «Бук-М1» зымырандық-зенит кешенімен (авиалайнер құлағаннан кейін олардың біреуі сол аймақтан жедел ізін суытқан) қаруланған украиндық әскери бөлімшелердің орналасқанына, ал ресейлік бақылау құралдарының малазиялық Boeing-777 мен бір эшелонда украиндік ұшақты (болжам бойынша Су-25) тіркегеніне қарамастан, бірде бір батыс елі бұл апатқа Украинаның қатысты емес екеніне күмәнданбайды.
Қорытындысында, біз ресейлік спутниктердің суретеріне және радиотехникалық барлауға қарсы әлеметтік желілердегі скриншотармен толықтырылған жалған бейне- және аудио- жазбалардың үзінділері қарсы қойылып отырғанын көрудеміз. Десек те, Ресейдің атына қатаң айыптаулар айтылуда. Мәселен, австралиялық премьер Тони Эбботтың пікірі бойынша, «қазір ұшақ Ресей берген әуе қорғанысы зымыранымен атып құлатылды, деп айтуға болады».
Польша премьері Дональд Тусктің пікірі де оның айтқанымен үндесіп жатыр: «сепаратистерге аяусыз, қатал, жүйелі қысым көрсеткен жөн, сондай-ақ, сірә, осы қайғылы апатқа жауаптыларға қолдау көрсетуін тоқтату үшін Ресейді де қыспаққа алу қажет».
АҚШ-тың Мемлекттік хатшысы Джон Керри CNN телеарнасына берген сұқбатында «Украинаның шығысында малайзиялық Boeing-777-ні атып құлатқан зениттік-зымырандық кешен Ресейден жеткізілген», – деп мәлімдеді.
Американдық Washington Post былай деп жазды: егер ұшақ жасақшыларға Ресей берген қарумен атып құлатылды деген ақпарат расталса, онда «АҚШ және оның одақтастары оның артында тұрғандарды жауапкершілікке тартуға қол жеткізуге тиіс». Атап айтарлығы, бұрынғыдай, зымыранның қай жақтан ұшқаны, оны кімнің атқаны жөнінде нақты ақпарат жоқ.
Назар аударатын жәйт, малайзиялық ұшақ құлайтын күні Ресей Қорғаныс министрлігі украиналық зымырандық ұшу құрамының жұмысын байқап, ұшақты Украинаның қай елді мекенінен атып құлатуы мүмкін екенін есептеп шығарды. Ұшақ бағыты және оның құлаған орны «Бук» алыс қашықтықтағы нысанды ататын екі ЗЗК-і мен орта қашықтықтағы нысанды ататын үш ЗЗК-сінің атыс аймағына жататын болып шықты.
Алайда ресми Киев ол ауданда «Бук» кешендерінің орналасқанын жоққа шығаруда.
Осы орайда, таң қалдыратыны о бастан Ресейді айыпты деп жариялау емес, батыстың талғампаздағы. Неліктен Донецк және Луганск облыстарының ауылдары мен қалаларын пайдалануға тыйым салынған кассеталық және химиялық оқ-дәрімен авиа- және артиллериялық атқылау «Боингтің» «естен тандырарлықтай және жол беруге болмайтын» апаты сияқты ашу-ыза тудырмайды? Украинаның оңтүстік-шығысында балалар мен жүздеген бейбіт адамдар қаза болып жатқанда, неліктен «ол қалыпты нәрсе, Украинаға ішкі мәселелерін шешуге және содырларды жоюға кедергі келтірмеңдер», дейді? Украиналық балалардың голландиялық және австралиялық құрдастарынан қай жері кем? Неге оларды жазасыз өлтіруге болады?
«Кім кінәлі?» деген сұраққа жауап табылады: бүгінгі әлемде барлығы тыңдалады және бақыланады. Мәселен, 1983 жылы американдықтар оңтүстік кореялық Boeingті атып құлатқан кеңестік әскери ұшқыштардың сөйлесуін жазып алып, бүкіл әлемге жариялады. Бар мәселе, олар шынайы дәлелдемелер ретінде қабылдана ма, әлде бұрмаланған деп есептеліне ме, сонда. Оның үстіне, осыған ұқсас жағдайлар Босния, Сараево, Косовода болған қақтығыстарда да орын алған және АҚШ-тың күш қолдануына себеп болған. Ол кезде де, бүгінгі «Боингпен» болған жадайдағыдай, кінәлілер бірден белгілі болды — сараптамалар аяқталмастан кінәлілер ретінде сербтерді тағайындап қойды. Артынан олардың кінәсі жоқ екені дәлелденді, бірақ «болар іс болып, бояуы сіңіп қойған еді».
Қазіргі орын алып отырған жағдай Югославияны күйреткен соғыс барысындағы арандатушылықтарды еске түсіреді. Батыс славяндардың басынан өткен трагедия шығыстағы бауырларының басына түсуде. Malaysia Airlines ұшағының апатына байланысты бұлтарпас фактілердің жоқтың қасы болуына қарамастан, бүгіннің өзінде насихаттық шабуыл басталды: трагедияның артында Ресей тұр. Киев Батыс үшін «сүттен ақ судан таза», Ресей мен «ресейлік ұстанымдағы» сепаратистер агрессиясының құрбаны.
Атап айтқанда, Швецияның сыртқы істер министрі Карл Бильдт «осындай сұмдық трагедияға тікелей және жанама кінәлілерді тауып, сотқа тарту керек… Барлық фактілерді тергеп, тексеру үшін ерекше комиссия құру қажет. Ұшақты атып құлатқан кешенді анықтап, табу маңызды». Егер ол Украинаның басындағы бар пәлеге тек Ресейді айыптамаса, мұның барлығы дұрыс болушы еді.
Батыс малайзиялық ұшақтың апатына Украинаның кез-келген қатыстылығын жоққа шығаруда. Ал бірақ «незалежнаяның» ондай тәжірибесі бар: 2001 жылғы қазанда украиналық әуе қорғанысы күштерінің жаттығуы кезінде Қара теңіздің үстімен Тель-Авив — Новосибирск бағытымен ұшып бара жатқан Ту-154-ті атып құлатылған еді. Нәтижесінде, 78 адам қаза болды.
Ол кезде Украина басшылығы өз қарулы күштерінің бұл трагедияға қатыстылығын соңына дейін мойындамады. Алғашында олар жаттығулар мүлдем өткізілген жоқ деген үзілді-кесілді мәлімдеме жасады. Артынан «иә, біз аттық, бірақ Ту-154 ұшқан жаққа емес»? деді. Украина қарулы күштерінің сол апатқа қатыстылығын лайнердің оқ шұрқ тескен қаңқасы мен ұшқыштың экипаж мүшелерінің бірінен : «қайда тиді?», деп сұрауы дәлелдейді.
Сол кезде Украина президенті болған Леонид Кучма арсыз: «Мұндай жағдайға ұрынған Біз бірінші және соңғы тарап емеспіз, бұдан трагедия жасаудың қажеті жоқ», деп мәлімдеді. Біреудің өмірі үшін оның жаны ауырмайды: қолдан келер шара жоқ, болар іс болды деп отыра бермек. Билікке Порошенконың келуі де ештеңені өзгертпеген сияқты.
Әлбетте, Азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ICAO) және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жүргізілген ашық тергеу ғана трагедияның бетін ашуға қабілетті. Сонымен қатар, Стратегиялық бағалау институтының директоры Сергей Ознобищевтің болжамы бойынша, «қаншалықты беделді болса да, ICAO-ның қорытындысы да бұл істе соңғы нүктені қоя алмайды. Сірә, келіспеген тарап немесе тараптар, сарапшыларда толық ақпарат болған жоқ, деп қорытындыны жоққа шығаруға тырысады».
Жақын арада спутник суреттерін алып, сол арқылы «Боинг» апатына кімнің кінәлі екенін, Ресей ме, әлде жасақшылар ма, дәлелдейміз деп мәлімдеген американдықтар оларды жариялауға асықпай отыр.
Соған қарамастан, тергеу қорытындысы Украинадағы жағдайды түбегейлі өзгертеді. Бүгін өзіміз көріп отырған Еуропадағы АҚШ-қа бағдарланғандар мен Ресеймен жақындасуға шақырғандар арасындағы тепе-теңдік өте тұрақсыз. Егер ұшақты Украинаның әуе қорғанысы күштерінің атып құлатқаны анықталса, онда ол Майданнан кейін Еуроодақтың белді елдері арасында ие болған беделінен және олардың қолдауынан айырылады. Ал егер, керісінше, жағдай орын алып, «ұшақты жасақшылар атып құлатты», деген киевтік нұсқаның бұлтартпас дәлелдері табылып жатса, онда Ресейдің жағдайы қиындайды. Антиресейлік күштер бірігіп, бас көтерген облыстардағы қарсылықты басып-жаншуға кез-келген құралды пайдалану құқығына, ал оның одақтастары Порошенко режиміне кез-келген, оның ішінде, әскери көмек көрсету құқығына ие болады.
Алайда Ресеймен арадағы экономикалық қарым-қатынастарды бұзу жақын арада Еуропаны АҚШ-қа толық тәуелді болуға әкеліп соғады.