— Батыстың кейбір саясаткерлері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғаны үшін Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне кедергі келтіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін Берлин еуразиялық клубының 10-шы отырысында «Eurasian Trasition Group» атқарушы директоры, саясаткер Михаэль Лаубиц мәлім етті.
«Біз соңғы жылдардағы, тіпті соңғы айдағы келіссөздер үдерісіндегі жетістіктер жайында айтқанда, меніңше, қазіргі уақытта Батыстың кейбір саясаткерлері Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақты бір-біріне кереғар бағыт ретінде қарайтын сияқты. Сондықтан да Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қасақана немесе түсінбестен кедергі келтіруде не болмаса кедергі келтірді. Мен мұны бұл мәселені шешудің конструктивті әдісі деп санамаймын. Олар мұнда орын алып отырған экономикалық әрі саяси шынайылықты көріп отырған жоқ», — деді ол.
М.Лаубицтің пайымынша, Қазақстан ДСҰ мен ЕАЭО-ның мүшесі ретінде инвестиция, халықаралық ынтымақтастық және өңірлік тұрақтылықты күшейту үшін зор әлеуетке ие болады.