Депутаттарға газ жеткізу мәселесін реттеудегі жайбасарлығы үшін тезек салынған қаптар дайындалыпты.
Бішкекте жоғарғы кеңеш ғимаратының алдында газ жеткізу мәселесін реттеудегі жайбасарлығы үшін депуттар мен министрлерге қаптарға салынған тезек тапсырмақшы болған жас белсенділер құрықталды деп хабарлайды ҚырТАГ-қа сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«Міне, екі айдан бері Ош-та газ жоқ. Біз ыстық тамақ дайындай алмай отырмыз. Ал толыққанды тағамға мұқтаж қариялар мен сәбилер не істейді, ауруханалар мен бала бақшаларының жағдайы не болмақ? Бізді осындай жағдайға ұшыратқан шенеуніктерге алғыс білдіргіміз келеді. 1 долларға сатқанда («Қырғызгазды» – ҚырТАГ), бізге бір күн газсыз қалмайсыздар деген еді, ал біз екі айдан бері газсыз отырмыз. Ол аз болғандай, біз өз наразылығымызды білдірмекші болғанда, милиция қолымызды бұрап, қылмыскер сияқты әкетіп барады», – деп хабарлайды дүйсенбі, 9-маусымда ҚР «Ұлұттар бірімдігі» оппозициялық халық-демократиялық париясы жастар қанатының өкілдері.
Жас белсенділер милиция қызметкерлеріне депутаттар мен шенеуніктерге тапсыру үшін тезек толтырылған қаптарды беріпті.
Бішкек қаласы Первомай ІІБ басқармасы басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, құрықталғандарды жеке басын анықтау үшін милицияға апарады.
Естеріңізге саламыз, 14-сәуірде Өзбекстан Қырғызстанның оңтүстік өңірлеріне газ жеткізуді тоқтатқан. ҚР үкіметінің қолданып жатқан шараларына қарамастан мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.