Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты насихаттайтын ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының сайты ашылды, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Жаңадан ашылған сайт қазақ халқының дәстүрлері мен тарихына қатысты деректерді насихаттауды мақсат етіп отыр. Сайттың ұйымдастырушысы әрі бас редакторы — Қазақ ұлттық салт-дәстүр академиясының академигі, ақын Қасымхан Бегманов.
Сайтпен мына сілтеме арқылы танысып көруіңізге болады.