Қазақстанда еңбекақысына, тұрмысына және өзінің жұмысына риза ондаған, ары кетсе, жүздеген мұғалім ғана бар. Олардың көпшілігін бірнеше фактор біріктіреді: олардың еңбекақысы бір мың доллар емес, олар «Назарбаев зияткерлік мектебінде» жұмыс істейді және олар шетелдіктер.Біз Қазақстанда кімнің тұрмысы жақсы екенін салыстыруды жөн көрдік: отандық педагогтікі ме әлде шеттен келген мұғалімдікі ме?
Алдымен «Назарбаев зияткерлік мектебі» (НЗМ) туралы бірнеше сөз. Олардың әдеттегі орта білім беру мектептерінен, гимназиялар мен лицейлерден басты айырмашылығы, ол мектептерде сабақ ағылшын тілінде жүреді. Сондықтан қазақстандық мұғалімдердің арасында шетелдік мұғалімдер бар.
Соңғы 3 жыл ішінде тек АҚШ-та НЗМ үшін 80 мұғалім іріктелді. Ең қарапайым есептеулерге сәйкес, оларға жылына 6-7 млн доллар жұмсалған. Қазіргі таңда АҚШ пен Ұлы британияда рекруттік агентттіктер осы мектептерде жұмыс істеуге дайын мұғалімдерді іздестіруді жалғастыруда. Үміткерлерлерге қойылатын талаптар қарапайым :
Ең қарапайым есептеулер бойынша, бір шетелдік мұғалімге жылына 100 мың доллар жұмсалады. Ал сол мектептердің жетістіктері осындай шығынды ақтай ма? Сіздердің назарларыңызға салыстырмалы талдауды ұсынып отырмыз, қорытындыны өздеріңіз жасаңыздар: