Неміс үкіметі әлемнің түрлі елдеріне қару экспорттау жөніндегі жыл сайынға есебін жариялады. Аталмыш есепте «Келісімнен бас тартылды» деген бөлім бар екен, онда Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркіменстан және Ресей көрсетіліпті. Немістер неге бізге қару сатудан бас тартты?
Келісімнен бас тартудың уәждемесі де нақты көрсетілген: «Адам құқықтарын сақтаудағы қиыншылықтар», «Ішкі шиеленіс немесе ішкі қарулы қақтығыстар», «Қабылдауға болмайтын шарттар бойынша қаруды ел ішінде пайдалану немесе оны шетелге сату мүмкіндігі». Атап айтарлығы, неміс журналистері Қазақстанға қатысты «ішкі қақтығыстар» деген тұжырымдаманың қолдануына таң қалуда. Мүмкін, Қорғаныс министрлігі, Қазақстанға қару жеткізуші негізгі импорттаушы ретінде неміс серіктестерінің елдегі жағдайдың керісінше екеніне иландыра алмаған шығар.
Есепте келісімдерден бас тартылған Қазақстанның және басқа елдердің қандай қаруға тапсырыс бергені нақтыланбаған, есесіне, осы елдердің әрқайсысымен жасалмаған келісімдердің жалпы сомасы белгілі.
Шын мәнінде, жоғарыда аталған бас тартылған келісім – Қазақстан мен Германия арасындағы әскери ынтымақтастықта мардымсыз орын алады. Аталмыш есепке сәйкес 2013 жылы келесі салалар бойынша 8 млн евроға келісімдер жасалған: