Визасыз тәртіп орнату туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі, 12 маусым күні мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші пленарлық отырысының аясында Қазақстан мен 10 инвестор-мемлекеттің арасында бизнес-байланыстарды нығайту мақсатында визасыз тәртіп орнатылғанын жеткізді, деп хабарлайды еліміздің премьер-министрінің сайты.
— Бүгін біз Қазақстанда аса жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 мемлекеттің азаматтары үшін біржақты визасыз тәртіп орнатқанымызды жариялаймыз. Бұл елдердің тізімінде – АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея республикасы мен Жапония, – деді мемлекет басшысы.
Президент халықаралық кооперацияларды визалық кедергілерді жоюмен бірге қабылдау қажеттігін айтты, деп хабарлайды үкіметтің сайты.