Шортанды-Бурабай демалыс аймағына келушілердің саны соңғы 5 жылда үш есеге артқан. Бұл жайында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Үкімет сағатында мәлімдеді.
«Шортанды-Бурабай демалыс аймағындағы кемшіліктерге қарамастан, соңғы бес жылда мұнда демалуға келетіндердің саны үш есеге артып отыр», деді Әсет Исекешев өз сөзінде.
Сондай-ақ, қоғамдық тағамдану орталықтарының саны да тиісінше үш есеге артқан.
Министрдің айтуынша, 12 мамыр күні Шортанды-Бурабай демалыс аймағын дамыту бағдарламасының екінші кезеңі мақұлданған.