Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу ойыны — Бразилия және Хорватия құрамалары арасындағы кездесуде жапониялық төрешілердің төрелік ететіні белгілі болды.
Ойынның бас төрешісі — 2010 жылы ОАР-да өткен әлем чемпионатының төрт кездесуінде, оның ішінде Голландия және Бразилия құрамалары арасындағы ойынға төрелік еткен 42 жастағы Юити Нисимура болмақ.
Атап өтсек, Юити Нисимура 2004 жылдан бастап ФИФА төрешісі болып табылады.
365info порталы Бразилия мен Хорватия арасындағы ойынның бүгін түнде, маусымның 12-сінен 13-іне қараған түні Астана уақытымен 01:15-те басталатынын еске салады.