17-18 маусымда Астанада қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форум өтеді. Онда республиканың ауылшаруашылық әлеуеті және отандық агроөнеркәсіптің инвестициялық мүмкіндіктері талқыланады. Мұндай форум елімізде тұңғыш рет өткелі отыр, деп хабарлайды «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржынында бүгінгі күні 250 млрд теңгеге жуық соманы құрайтын 400-дей түрлі инфрақұрылымдық жобалар бар. Қаржыландыру мен жобалардың жүзеге асуын қадағалауды холдинг ауыл шаруашылықтың 17 бағытында жүргізеді – ірі-тауарлы сүт фермалары мен өнідірістік жылыжай кешендерінің құрылысынан бастап тамшылап суару жүйесін енгізу мен бордақылау алаңдарын және асыл тұқымды ірі қара мал репродукторларын құруға дейін барлық салаларды қамтиды. Бүгінге дейін жалпы сомасы 200 млрд теңгені құрайтын 300-ден астам өндірістік нысан пайдалануға берілді.Қазақстанның Агроөнеркәсіп инвестициялық форумының форматы шетелдік инвесторлардан бөлек, қазақстандық бизнесқұрылымдар өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен даму институттары өкілдерінің қатысумен бірқатар тақырыптарда сессиялардың өткізілуін қамтиды. «Жаһандық жағдайдағы Қазақстанның аграрлық саласы: бүгінгі күнгі Қазақстанның рөлі, инвесторларға не ұсына алады?»; «Қазақстандағы ауыл шаруашылық саласын ынталандыру және инвестицияларды тарту бойынша Үкіметтің негізгі бастамалары мен басымдықтары»; «Қазақстанда жасалған» өнімдері үшін өндіріс және экспорт нарықтары». «Ауыл шаруашылық нарық экпортына қатысты Қазақстанның географиялық жайғасуы» сияқты тақырыптар форум қатысушыларының талқысына шығарылмақ.
«Қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форумның» негізгі мақсаты — халықаралық аграрлық қауымдастыққа «Агробизнес-2020» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылған Қазақтанның ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді көрсету. Форум жұмысы қызықты және нәтижелі болады деп күтілуде» — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.