Талғар аудандық соты үкімімен Бағдагүл Нұрқасымова ҚР ҚК-і 176-бабы 4-бөлігінің «б» тармағына (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) және 325-бабының 2-бөлігіне (жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) сәйкес кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ оның мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Алматы облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, «Қазпочта» АҚ филиалы Бесағаш ауылы пошта байланысы бөлімшесінің бастығы Бағдагүл Нұрқасымоваға қатысты қылмыстық істіАлматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті тергеген болатын.
Тергеу барысында қаржы полицейлері пошта байланысы бөлімшесінің бастығы Бағдагүл Нұрқасымованың электр энергиясы, байланыс қызметі, несиені өтеу, салық төлемдерін касса кірісіне жазбағанын, сонымен қатар, зейнетақы, жәрдемақы және еңбекқы алу туралы ведомосқа жалған қол қою арқылы, жалпы соммасы 3 766 791теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғанын толық дәлелдеді.