Белгілі ресейлік олигарх Роман Абрамович жаңа StoreDot Ltd жобасына 10 млн доллар құйды, деп хабаралайды «Wall Street Journal» газеті. Компанияны2012 жылы БТӘ директорлар кеңесінің төрағасы Рақышев және оның израильдік серіктесі Мошико Хоугег құрған. Компания қызметінің басты бағыты- биоорганикалық нанотехнологиялар.
StoreDot Ltd.-ға арналған алғашқы транш Абрамовичтің Millhouse LLC компаниясы арқылы ағымдағы жылғы мамырда өткен болатын. Сол кезде екі компания бұл жөнінде «Wall Street Journal» газетіне жариялаған болатын. Алайда қазақстандық кәсіпкердің бизнес-жобасына арналған барлық сома әлі түскен жоқ.
Басылым бұл Абрамовичтің Израильде шоғырланған жобаға екінші рет инвестиция құюы деп отыр. Компаниядағы ақпарат көзінің айтуынша, Millhouse LLC Ресейдегі және шетелдердегі технологиялық компанияларға бірнеше рет қаржы салған көрінеді.
Қазір StoreDot Ltd. кез келген смартфонды және басқа девайстарды 30 секунд зарядтауға қабілетті құралдарды жасаумен айналысуда. Мұның сыртында, мамандар мобильдік құралдар мен экрандардағы улы кадмийді қауіпсіз органикалық материалдармен алмастыруға талпыныс жасауда.
Жақын айларда компания тағы 20-30 млн доллар инвестиция тартып, АҚШ аумағында орталық ашуды жоспарлап отыр.
Дорон Майерсдорф, доктор, StoreDot Ltd. Компаниясының қызметкері:
— Біз электрондық компанияларға жақын болуымыз керек, ал ондайлар Израильде соншалықты көп емес. Бізге Силикон аңғарына жақын болған жөн, сонда жаңа технологияларға жол ашылып, өзіміздің өнімдерді коммерцияландыруға мүмкіндік пайда болады.
Бұл бизнес-жоба алғаш рет сәуір айында Microsoft «Think Next» компаниясының Тель-авивтегі конфренциясында өзінің нанобатареяларының нұсқасын ұсынған еді.