18+
Нур-Султан
Сейчас
16
Завтра
10
USD
378.93
0.00
EUR
423
0.00
RUB
5.87
0.00

УДЗ-сыз: дүниеге келетін сәбидің жынысын қалай білуге болады?

Әлемдегі адам жанына жағымды лотерея – бұл дүние есігін ашатын сәбидің қай жынысты екенін дөп басып айтуға талпыну. Біз халықтың болжам-белгілерін топтастырып, олардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін анықтауға тырыстық. Бір таңқаларлығы — белгілердің біршамасын ғылым дәлелдеп берді!

Белгі: тәтті — ащы 

Болашақ ана тәттіні қаласа – қыз болады деген сөз. Тәбеті тұздыны қаласа – ұл болады.

Ғылым

Ғалымдар бұл жайтты сана деңгейіндегі өзін-өзі сендіру деп санайды. Лос-Анжелестік педиатр Рой Питкин мына жайтқа сенімді:

— Егер қыз баланың санасына кішкентайынан жүктілік кезінде тұзды тағам жеген дұрыс деп сіңдіретін болса, онда оның тәбеті міндетті түрде тұзды тағамдарға тартады!

Расында жүктілік кезінде әйелдердің сезімдері, әсіресе иіс сезу қабілеті күшейетінін ғалымдар мойындайды. Осыған байланысты дәм емес, иіс сезу маңыздырақ. Дегенмен ұл көтерген аналардың қандай хош иістерге әуес екендігі ғылымға беймәлім.

Белгі: қарны шығыңқы

Егер болашақ ананың іші төмен орналасқан болса – ұл болады. Жоғары болса – қыз.

Ғылым

Барлығы әйел адамның бұлшықеттеріне – оның құрсағының қаншалықты мықты екендігіне байланысты. Спорттық жүктемені білмейтін бұлшықеттермен салыстырғанда, құрсақтағы сәбидің ширыққан бұлшықеттерді созуы қиынырақ болады. Яғни барлық мәселе ана мен оның спортқа деген көзқарасында.

Белгі: дөңгелек бет-әлпет

Егер болашақ ананың бет-әлпеті домаланып, бетінің ұштары қызарса, қыз туылады.

Ғылым

Құрсақ көтерген әйелдердің барлығы дерлік салмақ қосады – олардың беттері де толысады. Демек бұл жайт сәбидің жынысын анықтауға желеу болып табылмайды. Алайда француз диетологтары, егер жүктілік кезінде әйелдің беті бөртіп кететін болса, онда оның қыз бала көтеріп жүргенінің ықтималдығы 90% екенін дәлелдеді.

 

Белгі: қыз баланың жүрек қағысы күштірек

Анасының құрсағында қыз баланың тамыр соғуы, ұл баланікімен салыстырғанда, минутына 140-тан астам деп санау қалыптасқан. Ұлдарда ол көрсеткіш төмен.

Ғылым

Қыздармен салыстырғанда, ұлдардың тамыр соғуы шын мәнінде төмен. Бірақ ғалымдар әзірге бұл айырмашылықтың туылмай тұрып емес, дүниеге келген соң пайда болатынынын дәлелдей алды.

Белгі: төстің көлемі

Егер оң жақ төс үлкейіп кететін болса – ұл болады. Егер сол жақ төс өссе – қыз (ал егер екеуі де өссе – кім туылса да әкесі өте риза болады).

Ғылым

Шын мәнінде төстің өсуіне жүктілік кезіндегі гормондық өзгерістер әсер етеді. Төстің қан тамырларындағы қан қысымы артады, жұмсақ тіндер де өседі және әйелдің бойында ауырсыну сезімдері пайда боулы мүмкін. Өкінішке орай, осы өзгерістер мен сәбидің жынысы арасындағы байланыстың ғылыми дәлелдері табылмады. Онымен қоймай, төс көлемдерінің сәйкессіздігі жүктілікке дейін де, кейін де байқалады.

Белгі: жүрек айну

Жүктіліктің көп бөлігі нашар күй-жай, жүрек айнумен өте ме? Қыз болады! Егер әлсіздік мүлдем сезілмесе – ұл.

Ғылым

Ғалымдар толығымен келіседі – иә, ол солай! Егер болашақ сәби анасының күй-жайы таңертеңгілік уақытта аракідік нашарлайтын болса және жүрегі айныса, онда оның құрсағындағы сәбиі қыз бала болуы мүмкін. Осы деректі дәлелдеуге швед ғалымдарының 8 жылы кетті. Ғалымдар 1987 — 1995 жылдар аралығында жүкті әйелдерге сауалнама жасап, статистика жүргізген. Миллиондаған сауалнамалар белгілердің растығын сендіре дәлелдеді. Анасының құрсағындағы қыз бала, таңғы әлсіздікті туындата отырып, гормон аясына айрықша түрде әсер етеді деп болжамдайды ғалымдар.

Белгі: аяқтың мұздауы

Егер болашақ ананың аяқтары ұдайы мұздап жүретін болса, онда оның құрсағында ұл бала болғаны.

Ғылым

Мұздауық аяқтар – әлсіз қан айналымының белгісі. Шынымен де ұл бала көтерген жүкті әйелдердің қан айналымы бәсеңдейді. Бұл жерде белгілер бойынша болжамдау 75% жағдайларда рас болып шығатыны жайлы статистика айтады.

Белгі: ана түйсігі

Болашақ сәбидің жынысын болашақ анаға оның алтыншы түйсігі аян береді деп саналады.

Ғылым

Бұл жерде бірнәрсені негіздеп айту қиын, бірақ статистикалық зерттеулер болашақ аналардың шын мәнінде өз сәбилерінің жынысын 71% жағдайда тап басып айтатынын көрсетеді. Ал болашақ аналарға олардың туыстарының әрдайым сене бермейтіні де рас.

Қытай формуласы

Соңғы уақытта есептеудің мынадай жүйесі кең таралған: құрсақ көтерген уақыттағы болашақ ананың жасына бала біткен уақыттағы айдың нөмірін қосу қажет. Тақ сан – ұл. Жұп сан – қыз.

Ғылым

Пекиндік қытай дәрігерлері формула 90% жұмыс істейді деп сендіреді. Батыс ғалымдары әзірше санаған жоқ – олардың уақыттары тығыз. Олар әлі күнге дейін мұздағыш аяқтарына шағымданатындардың сауалнамасын өңдеу үстінде.

Әсел Қанышева