Нур-Султан
Сейчас
5
Завтра
6
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

«40 мың теңгем желге ұшты». Ем іздеген талай қазақ кім көрінгенге жем боп жүр

1118

Бірде мен қарт анамды Алматыдағы диагностикалық орталыққа алып келдім.

„Дәрігер кеңесі тегін, тек апаратқа ақысын төлеп түсіп, барлық диагнозыңызды бір жерден қойдырып аласыз, жақсы емес пе„ — деді жолымызды кес-кестеген етжеңді келіншек.

Мен ешнәрсеге мән бермей өте бердім. Бір уақытта қарасам, қасымда анам жоқ. Әлгілердің айтқанын тыңдап, аңтарылып тұр.

„Мама, жүріңіз, бұл өтірік нәрсе„ деймін ғой, жеңінен тартқылап. Бірақ анам көнер емес, ішімнен сезіп тұрмын, дәрігер кеңесі тегін деген ол кісіге жағып кеткенін.

Бір уақытта анам:

„Мен осыларға қаралам, әйтпесе, дәрігеріңе мүлдем бармаймын„ деп шорт кесті.

Алаяқтар екенін біліп тұрмын ғой, бірақ анамның көңілін қимадым, сеніп тұр ғой, мүмкін, бірнәрсесі болар дедім.

Не болушы еді, ештеңе де болған жоқ. 40 мың теңге құрдымға кетті.

Қысқасы, апараттарына да күмәнім көп. Өйткені сол апаратқа түсірмес бұрын, ақ халат киген әйел анамды айналдырып, қай жеріңіз ауырады деп бәрін тіміскілеп сұрап шықты. Ал апаратқа түсіп болған соң, сол анам айтқан жерлеріне қатысты диагноз қойған болып шықты.

Одан бөлек, тек біздің дәрімен ғана емделесіз дегенде, тақырға отырғанымызды түсіндім. Не істеймін, елпілдеп анам отыр алдында, БАД деп аталатын не дәрі емес, не дәрумен емес, бірдеңелерді көптеп сатып алдық. Осымен, біздің дертке ем іздеген сапарымыз тәмам болды.

Бір ай өткен соң анама хабарласып:

„Жақсы секілді„ деп қояды.

Бірақ басқа не деуші еді?..

Содан бір аптадан соң, тағы да ауруханаға баратынымызды, бірақ ана жолғыдай қылық шығарып жүрме деп ескерттім.

Анам азар да безер:

„Қой, құрысын, босқа ақша шығарып, ана дәрі әлі біткен жоқ, соны бітірейін„.

„Жоқ, мама, ол өтірік дәрі, шын доқтырға апарам сені„ деймін мен, қоймай.

„Дәрі бітсін, содан соң көреміз„ деп қояды. Әлі көндіре алмай жүрмін өзін.

Айтайын дегенім, біз секілді „сетевой меркетинг„ өкілдерінің тырнағына ілініп, жем болып қалмаңыз.

Оларда дәрігер деген диплом да жоқ. Ал қолындағы дәрісымақ — БАД-тың шынымен де дертке дауа екені өте күмәнді. Қораптың сыртына қарасаңыз, дәрі емес деп нақты жазылып тұр.

Қазір қай қазақтың үйіне барсаңыз, тоңазтқыш немесе шкаф сөресінен басы артық дәрі-дәрмекті көресіз. Сұрасаңыз, „сетевой маркетинге„ кірген бір туысы күштеп сатқан болып шығады. Артынан біреуіне жақпайды, тағы бір басқа себебі болады. Сөйтіп тұрып қалған дәрі-дәрмек, ал оған босқа кеткен ақшаны айтсаңызшы. Тянь Ши дей ме, толып жатыр ғой ондайлар. Ешқандай медициналық білімі болмаса да аларыңызға қоймай, әбден басыңызды айналдырады. Тіпті, бір мезеттік пайда үшін қазақтар туыстарын да аямайтын болыпты.

Мен ұқпайтын бір нәрсе бар:

неге осыларды осынша еркінсітіп қойған, әлі талай адамның қалтасын қағады ғой.

Құқық құрылымы бұларды ауыздықтай ала ма? Олардың қызметі қаншалықты заңды?

© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter