Нур-Султан
Сейчас
-17
Завтра
-28
USD
420
+1.28
EUR
511
+2.94
RUB
5.63
-0.06

Тірі жесір дегеніміз кімдер? Сексолог қазақ әйелдері туралы шындықты айтты

21188

— Жас айырмашылығы əр түрлі. Еркектер жас кезінен бастаса, әйелдер 30-40 жастан бастап «өнер» шығара бастайды. Неге? Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры демекші, Мақсаттың қызының оқиғасын алайық. Оның экс-куйеуі мен жаңа күйеуін салыстырып көріңіздерші. Бұрынғысы — Семіз (қарынбай ), дəу қара + Алкоголизм. Ал жаңасы шымыр денелі жас жігіттей, спортзалдан шықпайтын, өз-өзіне 100 процент сенімді.

Семіздік, оған арақты қоссаңыз бұл еркектер үшін біткен деген сөз. Салдары — 70-80% импотенция.

Ал импотенция психиканың бұзылуына əкеліп соғады. Ашушаң еркек басқа біреулерге тиіскіш келеді, өшін, əдетте, əйелдерінен алып жатады. Осыдан келіп, 20-30 жыл бірге тұрып, нағыз қартайған шақта ажырасып жатады.

Ажыраспай, осыған көндігіп жүре беретіндер де бар.

Ал оларда айыңыз не, жылдап жыныстық қатынас болмайды. Сондықтан ондай еркектің әйелін „тірі жесір„ деп шартты түрде алуға болады.

Əйелдер қанша жерден шыдамды десек те бір жыл, екі жыл, үш жыл, тіпті, кейде одан да көп шыдау мүмкін. Бірақ шыдамның да шегі бар. Əйелдер (қазақ болсын, орыс болсын ) еркегінің көзіне шөп салуға, ең сонында, амалы жоқтықтан барады, еркектер, керісінше, кез келген шансты жібермейді.

Міне, осылай. Жас кезде ішіп-жеп, қарын байлап алған соң, 40 жастан асқанда еркектердің дəурені бітеді. Керісінше, əйелдердің қызық шағы басталады.

Əйелдерде жалпы өмірден қалып бара жатырмын деген сезім қартайғанда бірақ оянады. Жас кезінде шыдап-шыдап, ал енді нағыз еркекке керек кезінде бунт шығарады.

 

Әйелдердің шыдамы шындығында өте мықты. Тіпті, күйеуі басқа біреумен жүргенін білсе де кек қайтарайын деген ой болмайды ғой. Тіпті, айына бір рет болса да нормальный жыныстық қатынас болса, əйелдер ешқашан күйеуінің көзіне шөп салмайды.

Мысалы, күйеуге шыққан қыздар нөмірін ауыстырады, аккаунтарын жабады, «ескілерін» өшіреді, барлық жерге күйеуге шықтым деп жазып суреттерін қояды. Ал еркектер «бір беріп қалар» деген есек дəмемен үйленгенде ешнəрсесін өшірмейді. Еркектерге айтарым, əйелдеріңіз көзіңізге шөп салмасын десеңіз, спортзалға үнемі барып формаңызды жоғалтпаныз, аптасына бір рет болса да əйеліңіздің «ойынан» шығып тұрыңыз.

Əйтпесе, əйеліңізді көңілдеспен ұстап алсаңыз, ренжімеңіз, кінә өзіңізден!

© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter