Нур-Султан
Сейчас
4
Завтра
3
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Шашты отырғызу. Жұлдыздар рецепті

386

Атақты жұлдыздар бұл проблеманы өз бетінше шешеді. Қайсыбірі оған бейберекет қараса, кейбірі оны тауар белгісіне айналдырған.

  • Қалың шашың болса, әрине мақтаныш. Дегенмен ақыл мен батылдық одан маңыздырақ, — деп жалғастырады Богин.

Десе де бірқатар даңқты жұлдыздар селдір шашпен жүргісі келмейді. Олар шашын қалпына келтіруді қалайды. Біз Рубен Богиннен жұлдыздардың БАҚ-та жарияланған суретіне қарап, олардың проблемасы мен қолданатын рецептіне түсініктеме бере кетуді сұрадық.

 

Наоми Кэмбелл

—Наомидің екі проблемасы бар. Біріншісі – тракционды алопеция. Ол африкалық өрімдермен қатты әуестеніп кеткен. Содан шаш түйініне зақым келтірген. Екіншісі, барлық афроамерикандықтарға тән аса күрделі түйткіл — алдыңғы шаш сызығы. Екі проблема да шашты фолликулярлық отырғызу арқылы шешіледі. Шаштың сиреуін тоқтатып, шаш сызығын түзеуге де болады.

Энрике Иглесиас

— Суретте шаш сиреуінің 2-3 кезеңі. Энрикенің шаштың синреуімен қаншалықты күресуге болатынын айта алмаймын. Дәл осы кезеңдегі шаштың сиреуімен күресіп жүрген бірқатар емделушім бар. Бұл жерде алопецияны тоқтататын емдік құралдарды пайдалану керек. Қандай емді таңдау керектігін мамандар шешеді. Шаштың сиреуі тоқтамай, қайта үдей түсуі мүмкін. Сондықтан шаш отырғызу қажет болады.

Бен Аффлек

— Иә, ақау бар, оны емдеп қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл жерде шашты отырғызу және арнайы құралдардың көмегімен алопецияның алдын алу қажет.

Дэвид Бекхэм

— Аффлекке ұқсас жағдай. Оған міндетті түрде шаш отырғызатын ота қажет. Басқа ешқандай құрал көмектеспейді. Емдеп процесті тоқтатуға болады. Алайда ақау бәрібір қалады. Оны шаш отырғызу арқылы шешу керек.

Брюс Уиллис

– Бұл шаш сиреуінің классикалық түрінің 7 кезеңі. Иә, шашты отырғызуға болады. Тек бастан ғана емес, бұл жерде төс терісінен  де алуға болады. Бұл жағдайда 7000 графт отырғызу керек. Мүмкіндік болса екі есе арттырып, шамамен 12 мың графт отырғызуға болады. Ол салыстырмалы түрде жақсы нәтиже беруі мүмкін. Әрине оған Брюс Уилис лайықты. Бұл үлкен еңбекті қажет ететін жұмыс. Менің тәжірибемде 14 мың графт отырғызған адам бар. Ол үш кезеңмен жүргізіледі. Өйткені жұмыс өте күрделі.

 

© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter