Нур-Султан
Сейчас
20
Завтра
15
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Пластикалық хирургия психологиясы

505

– Білікті хирург емделушімен бірінші кездескеннен-ақ оның жан дүниесімен жұмыс жасайды, — дейді 21 жыл бойы пластикамен айналысып келе жатқан хирург. Жақында достарымызбен бірге емделушілерімізді еске алдық. «Әлгі ота жасатқан әйел есіңде ме? Сол тұрмыс құрыпты. Сосын тағы біреуі бар еді ғой, ол да тұрмысқа шығыпты. Ал ана мұрны мен құлағын түзеткен еркекті білесің бе? Сол жақсы жұмысқа орналасыпты». Мұның барлығы пышақпен (скальпель) жасалған сыртқы өзгеріс ғана емес. Бұл — сыртқы келбетімен қоса, ішкі дүниесін де өзгерткен, өзіне деген сенімділігін арттырған, арманындағы бейнеге айналған жандар.

Адамның жасқаншақтығы жойылғанда оның ішкі әлемі түгел өзгерері сөзсіз. Ол өзін басқаша ұстай бастайды. Басқаша киінеді. Өмірге белсендірек араласады. Бір сөзбен айтқанда, басқа адам болып шығады. Әрине, осындай сенімділіктен кейін мүмкіндігі де арта түседі. Жасқанып бұрышқа тығыла берсең, сені ешкім де байқамайды. Елдің назарын аударып, әзіл айтып, араласа бастасаң, сені ел таниды, тіпті жұлдызға айналасың.

                                                                               foto go-esdc.com

Сәтсіз жасалған ота

Жақсы хирургты өзгелерден қалай айыруға болады? Ота салдарына салғырт қарайтын дәрігер, сізге 15 минут ішінде «Жүріңіз, ота жасайық» деп жауап айтуға дайын тұрады. Кәсіби маман – сізге бұл ота шынымен де қажет пе, әлде бұл адамның жай психологиялық проблемасы ма? – деген оймен сізді жан-жақты тексереді.

  • Өзім құптамайтын отаны ешқашан жасамаймын. Яғни өзім сол адамның айтып отырғанын проблема деп санамасам, ота жасауға келіспеймін. Мысалы, бір қыз мұрным тым үлкен деп келді делік. Мен оның мұрны ешқандай да үлкен еместігін көріп тұрсам, қанша ақша төлесе де, оған ота жасауға келіспеймін. Өйткені өзінің сыртқы келбетіне тым сыншыл қарайтын адам ертең отаның нәтижесін де ұнатпауы әбден мүмкін. Мысалы, қызға бала күнінен болмашы нәрсені айтып сендіріп қойса, ол соған өмір бойы шағымдана береді. Шын мәнінде ауыз толтырып айтарлық ештеңе жоқ. Бұл жерде адамның ойын түзеу керек,- дейді хирург Богин.

Қатерлі ісікке қарсы пластика

Игорь Богин өз тәжірибесінде сәтті ота деп ұқсас екі жағдайды айтады. Ол — адам табиғатын жақсарта отырып, жаман кесел салдарынан айықтыру.

– Бір әйел қатерлі ісігі болғандықтан омырауын отамен кесіп алып тастаған. Ал мен оны Eurosilicone имплантын пайдаланып, қайта қалпына келтірдім. Отаның сәтті шыққаны соншалықты, енді ол сүйіктісінің алдында ұялмай шешіне алатын болды. Тіпті ешкім оның омырауын алып тастағанына күмәнданбайтынын айтып мақтанды. Бұл екі кезеңнен тұратын, өте күрделі ота болды. Өйткені мұндағы мақсат тек төсқапты толтыра салу емес еді. Омырау үрпісін, оның айналасының түсін келтіріп, толыққанды омырау жасалды.

Мұндай отаны мақтанышпен айтуға болады. Өйткені ол техникалық жағынан өте күрделі. Емделушімен 2-3 жыл бойы жұмыс істеуді талап етеді. Кейін нәтижесін көргенде, осындай қатерлі кеселдің салдарын жеңіп, пластикалық хирургияны орынды қолдана білгеніңді мақтан тұтасың.

 

© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter