Нур-Султан
Сейчас
-5
Завтра
-14
USD
384
0.00
EUR
430
0.00
RUB
6.16
0.00

Етжеңді сәби

1683

— Ол бір отырғанда үш табақ күріш жейді. Бұл әйеліміз екеуміз қосылып жегеннен де көп. Бірақ оған жеме деп айту мүмкін емес, — дейді әкесі.

Мұндай баланы балабақшаға алмайды

Баланың артық салмағы бас ауыра бастады. Мәселен, оны балабақшадан шығарып жіберді. Өйткені ол қасында тым кіп-кішкентай болып көрінетін өзі қатарлас балаларға қауіп төндіреді. Егер абайсызда басып кетсе, оны өзі де байқамай да қалуы мүмкін. Жоғары топқа ауыстыру мүмкін болмай отыр. Өйткені ол бар болғаны үш жаста. Өзінен ересек балалармен тіл табыса алмайды.

Қазір Лю қайта тығырыққа тірелді. Балабақшаға бармаған соң қозғалуды азайтты. Балақайдың калорияны кемітпеуі тағы да оның салмағының артуына әкеп соқты.  

Тексеру

Жергілікті балалар клиникасының дәрігерлері бірінші тексеру кезінде-ақ Лю Хаоның салмағы зат айналым жүйесінің бұзылу салдарынан деген болжам айтты. Баланың өз қатарластарынан бойы да ұзын екенін ескерсек, бұл гормоналдық ауытқу болуы әбден мүмкін. Дей тұрғанмен, дәрігерлер бұған ата-анасының да кінәсі барын жоққа шығармайды.

— Мұндай тәбетке ерік беріп қоюға болмайды. Олар өз баласына қиянат жасап отыр. Баланың кішкентай ғана жүрегі мұндай алып денені көтере алмауы мүмкін!

Дәрігерлер баланың мұнша ауыр салмағына гормондардың немесе зиянды әдеттердің қайсысы кінәлі екенін кесіп айта алмай отыр. Өйткені гормоналдық ауытқудың басқа да симптомдары бар. Мысалы бұлшық еттің әлсіздігі, қол-аяғының жіңішкелігі сияқты. Алайда мұндай белгілер Людан байқалмайды.

Қалай болғанда да, балақай жуық арада емханаға түсері сөзсіз. Өйткені мұндай салмақта жүрек, қан қысымы және диабет сияқты аурулармен күресуге тура келеді.

© «365 Info», 2014–2019 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter