Нур-Султан
Сейчас
5
Завтра
6
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Шаштың түсуінің 4 белгісі

5505

— 5 жыл бұрын мен «Иә, тест бар, Hair DX» деп жауап беретін едім. Ол кезде шаштың түсуі 6-8 генге байланысты деп саналатын. Тест олардың бар-жоғын көрсетуші еді. Жақында осы ген ер азаматтардың 92 пайызында кездесетіні анықталды. Ал шаштың түсу үрдісі 50 пайызға жеткенде басталады. Енді мұндай тестің нәтижесін дұрыс деп қабылдауға болмайды. Өйткені, барлығында дерлік осы ген болады. Бірақ олардың іске қосылуы немесе қосылмауы сәттілікке байланысты.

«Шашым түсіп жатыр ма?» деген сұраққа нақты жауапты трихолог дәрігерден ғана біле аласыз. Андрогенді алопецияны тексерудің бірнеше тәсілі бар. Соның бірі -зақымдалған шаштың көлеміне талдау жасау. Бұл -біздің микроскоп көмегімен анықтауға болатын бірінші клиникалық белгіміз. Олар шаштың жуандығын, қалыңдығын санайды, яғни толық трихограмма – шаштың жай — күйін көрсетеді.

— Емдеу кеш болса, қай кезде шашты отырғызу қажет?

— Шаш отырғызсаңыз да. емдеу ешқашан кеш емес. Басқа шашпен ауыстыру алопецияның тоқтайтынына кепілдік бермейді. Шаштың қалыңдығын қалпына келтіру үшін шашты қайта отырғызу қажет. Ал қалған шашты сақтап қалу үшін емдеу керек. Бұл ретте алопеция қайта отырғызылған шашты зақымдамайды. Ол шаш түскен жерге басқасын өсіреді.

Егер сізге тиісті дәрі-дәрмекпен ем жасамай-ақ, шашты бірден қайта отырғызу ұсынылса, дәрігерге емес, саудагерге жолықтыңыз деген сөз. Кейбір емханаларда клиентін 5 жылдан кейін кері қайтару үшін осы әдісті қолданып жатады. Бұл дұрыс емес, әрине.

— Менің шашым орнында. Бірақ самай шашым селдіреген сияқты…

— Шаштың түсуі мен жас келгенде шаштың сирей бастауын шатастырып алмаңыз! Адамның жас кезінде шаш өсетін бастың маңдайға тақау жағындағы сызық жоғарыі әжіммен өтеді. Уақыт өте келе осы сызық ұзара бастайды. 19 жастан бастап, 30 жасқа дейінгі аралықта ол иіліп, жоғарылай түседі. Екі жақ самайда бұрыш пайда болады. Көпшілік оны шаштың түсуі деп ойлайды. Шын мәнінде мұның шаш түсуіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл ер адамдарда кездесетін ерекшелік. Ал әйелдерде мұндай өзгеріс болмайды. Оларда шаштың сопақша келген өсу сызығы өмір бойы сол қалпында қалады.

 

© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter