Нур-Султан
Сейчас
14
Завтра
18
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Бедеулік бас ауыртар мәселеге айналды

490

Егер бірнеше жыл бұрын бедеу отбасылар 8-10 пайызды құраса, қазір елімізде бұл көрсеткіш барған сайын өсіп келеді. Бүгінде олар барлық отбасылардың 16-17 пайызын құрайды.

Бұл ретте мамандар оның нақты себебін айта алмайды: «Бала көтере алмайтын жұптардың көбеюіне не себеп екенін тап басып айту қиын, — дейді Датбасов. – Бірінші кезекте инфекция тұрады. Олар нақты бала көтере алмай жүрген отбасыларда жоқ. ірақ олар ата-ана арқылы берілуі мүмкін. Екінші себеп – өмірлік ұстанымы, тамақтану, күнделікті тіршілік, киім.

Сөйте тұра, мамандар бедеуліктің бірнеше түрін анықтап, кейінгі кезде инфекцияға қатысы жоқ факторлардың көбеюіне айрықша назар аударады. Кейде тексеру барысында әйел мен еркектің жыныс органдарына байланысты ешқандай ақау кездеспейді. Бірақ жүктілік жоқ. Неге?

  1. Әйелдің жатыр мойнынан бөлінетін сұйық пен ер адамның шауһатында сәйкессіздік болады.
  2. Кейбір әйелдер жылдар бойы емделсе де, ішкі жан — дүниесі баланы қаламай тұрады, Өййткені, олар босанудан қорқады немесе қызметінен кеткісі келмейді яки күйеуін сүймейді. Бұдан басқа да себептері болуы мүмкін.
  3. «Тағатсыздықтан болатын бедеулік». Көп жылдар бойы бала көтере алмай жүрген әйел де, сондай-ақ, бойжеткен де сәби сүюді қалайды. Бірақ бала көтере алмай қалудан қатты қорқады. Мұндай жүктілік процесі тежеледі. Тіпті болмай қалады да. Егер әйел райынан қайтып «болды, шаршадым, керек емес» деп шешкен сәтте күтпеген жерден жүкті болып қалуы да ықтимал.

Сонымен қатар маман бедеу жұптарда барлық «кінә» тек әйелде ғана бола бермейтінін айтады. Соңғы статистикалық мәліметке жүгінсек, ірі қалалардағы бедеуліктің тең жартысы ер кісілердің денсаулығындағы кінараттан туындаған.

 

© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter