Нур-Султан
Сейчас
3
Завтра
14
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Аспириннің зияны мен пайдасы

8221

Обыр

Зерттеуде 200 мың адамның кесел тарихы қарастырылған болатын. Нәтижесінде аспиринді бес жыл бойы күн сайын қабылдап отырса, ол кісі обырдан көз жұму қатерін 37 пайызға азайтатыны анықталды.

Күйзеліс

Күйзеліс кесел сияқты, қатты ашулану, сонымен қатар, ағзадағы қабыну процесімен де тікелей байланысты болады (яғни психикалық күйді тұрақты түрде ұзақ уақыт басу). Атап айтқанда, күйзеліске көп ұшырайтын адамдарда ішкі қабыну процесінде белең алатын гормондар – цитокиннің жоғары деңгейі байқалады.

Расында, егер аспиринді қабынуға қарсы құрал ретінде пайдаланса, ол күйзеліске де көмектесе алады деген сөз.

Ғалымдар осы теорияға дәлел ретінде зерттеу жүргізді. Олар 50 жастан асқан 386 әйелді 10 жыл бойы бақылаған. Олардың 22-і күйзеліске ұшырағандар. Солардың ішінде тек бір әйел аспиринді күні бойы ішіп отырған. Ал үштен бір бөлігі аспиринді тұрақты түрде пайдалану арқасында осы сырқаттың алдын алыпты.

Безеу

Аспириннің негізгі компоненттерінің бірі салицио қышқылы. Сонымен бірге ол безеуге қарсы қазіргі майларды да қолданады. Егер оларды алуға мүмкіндігіңіз болмаса, қолыңызда тек аспирин ғана болса, мына қарапайым рецепті пайдаланған жөн. Аспирин таблеткасын майдалап аз ғана су қосып араластырасыз. Осы қоймалжың затты бетіңізге жағасыз. Екі минуттан кейін бетіңізді жуасыз.

Осы қоспа зат безеуді кептіреді әрі терінің демалуын жеңілдетеді. Есіңізде болсын, егер сіздің теріңіз қалыпты немесе құрғақ болса, бұл тәсілді аптасына бір реттен артық жасауға болмайды.

Қайызғақ

Қайызғақтың пайда болуының басты себебі Pityrosporum ovale зеңі болып табылады. Ол бас терісінде жиі кездеседі. Аспирин зеңге қарсы жұмсақ препарат. Сондықтан қайызғаққа қарсы күресте жақсы көмектеседі.

Екі таблеткасын майдалап, шашқа арналған сусабынмен араластырыңыз. Қоспаны шашқа жағып, бас терісіне сіңуі үшін шамамен екі минуттай уақыт ұстаңыз. Сосын басыңызды шайып, сусабынмен тағы бір рет жуыңыз.

Қарттық ызақорлық (деменция)

Зерттеуде анықталғандай, Альцгеймер сырқаты – мидағы қабыну процесінің ерекше бір көрінісі. Аспирин ауруды басып, науқастың жай-күйін жақсартады.

Жүрек кеселі

Аспирин қанды сұйылта отырып, адам өміріне аса қауіп тудыратын қанның қоюлануының алдын алады. Қан тамырындағы қабыну процесі қатерін бәсеңдетуге көмектеседі. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, аспирин қабылдау жүрек ұстамасы, сондай-ақ, түрлі жүрек кеселдерімен бірге жүрек-қан тамырлары дертінің пайда болуын  шамамен 44 пайызға азайтады.

Кейбір зерттеулерде аспирин жүрек ұстамасы бар науқастар үшін пайдалы екендін көрсетеді. Ол адамдардың үштен бір бөлігінде аурудың асқынуын тежейді.

Аяқтың терлеуі

Табанның шамадан тыс терлеуі зең инфекциясы нәтижесінде болады. Аспирин талькпен бірге қолданылса, жақсы көмектеседі. Оның рецепті мынадай: Аспириннің үш таблеткасын ұнтақтап майдалаңыз. Алынған массаны талькпен араластырыңыз. Қоспаны табанның зақымдалған бөлігіне жағыңыз. Процедураны зең толық кеткенше әрі терінің тітіркенуі басылғанға дейін күніне екі рет қайталаңыз.

Шаштың өсуі

Аспирин сонымен бірге косметикалық проблеманы шеше алады. Мысалы, шаштың өсуін баяулатады. Оның құрамындағы ацетилсалицил қышқылы теріні тітіркендірмей қабыршықтанудан қорғайды. Дәрігерлер үгітілген аспирин таблеткасын аз ғана мөлшердегі сумен араластырып, жасалған қоспаны қажетті жерге жұқа етіп жағуға кеңес береді. Осы қоспаны теріде 15 минут ұстап, содан кейін жылы сумен шайып тастау керек. Бұл шашты толығымен кетіруге көмектеседі немесе оның ұйысуын ашады. Сол арқылы келесі тәсілді орындауды айтарлықтай жеңілдетеді.

Преэклампсия (жүктілік кезіндегі жоғары қан қысымы)

Преэклампсия аса көп тарамаған ауру түрі. Ол тек жүкті әйелдерде кездесетін жағдай. Ол қан қысымының жоғары деңгейде болуымен, зәрде ақуыздың кездесуімен сипатталады. Сонымен қатар, преэклампсияға ұшыраған науқастың қолы және аяғында ісік байқалады. Әдетте преэклампсия жүктіліктің екінші жартысында, екінші тоқсан соңында немесе үшінші тоқсанда кездесіп жатады. Кейде одан да ерте болуы мүмкін.

Ағылшын дәрігерлерінің пікіріне жүгінсек, аспирин осындай кезде  көмекке келеді. Алайда кеңес заманы мектебінен шыққан мамандардың пікіріне құлақ салсақ, аспиринді жүктілік кезінде қабылдау қауіпті. Ағылшын рецепті бойынша жүктілік кезінде аспиринді күн сайын қабылдау преэклампсияның туындау қатерінен қорғайды. Ол өз кезегінде тек ананың өміріне қауіп тудырып қоймай, сонымен қатар іштегі сәбиге да зиянын тигізеді.

Осы теорияны жақтаушылар дәлел ретінде мынадай жерек келтіреді. Лондондағы ауруханалардың бірінде жүктілік кезінде бақылауда болған 32 мың әйелдің ішінде преэклампсия тек аспирин ішпегендерде ғана кездескен. Алайда, аспириннің жүктілік кезеңіне жалпы әсер етуі, сондай-ақ, басқа да көрсеткіштер бойынша денсаулықтың нашарлауына әкеп соғу дерегі кездескен жоқ.

 

Жәндік шаққанда

Аспиринді сонымен бірге жәндік шаққан жерге жағуға болады. Алдымен жарақатты сулап, содан кейін оның бетіне аспиринді аз мөлшерде жағасыз. Бұл жәндік уының әсерінен болатын ауруды басады. Осы рецепті денедегі ара шаққан жерге де қолдануға болады. Аспиринді былай ішуге де болады. Ол ағзаның ауруын бәсеңдетеді.

 

Теміреткі

Бұл үнемі қып-қызыл боп бөрткен күйінде кездесетін кесел түрі. Ол қатты қышып, ауырады, барған сайын бөрте түседі. 2-4 аптадан кейін барып оңалу белгісі байқалады. Алайда кейбір науқастағы дерт пен дененің қышуы айларға, жылдарға созылуы да мүмкін. Кеселдің ошағы – шешек вирусы. Бұл дертке бала кезінде шешекпен ауырғандар алдымен ұшырайды.

Аспирин қалай көмектеседі? Таблетканың екі данасын ұнтақтап сумен араластырып май дайындайсыз. Сосын тампон көмегімен оны зақымдалған жерге жағып, біраз уақытқа қалдырасыз. Май кепкенде өзі түсіп қалады. Бұл рецепт сауығуға кепілдік бермейді. Бірақ дененің қышығанын басып, терінің қабынуын азайтады.

Аспирин пайдаланудың болымсыз тұстары

Аспириннің артқышылығы аз болғанның күннің өзінде көпшіліке оны күн сайын ішіңдер деп кеңес беруге болар еді. Өкінішке қарай, зиян келтірмейтін дәрі болмайды. Аспириннің осал тұсы төменде көрсетілген:

  • Статистика бойынша демікпемен (астма) ауыратын әрбір бесінші науқастың аспиринге аллергиясы болады;
  • Ұзақ уақыт бойы күн сайын аспиринді қабылдау ішке қан қан құйылуды 30 пайызға арттырады. Ол кейбір жағдайда адамның көз жұмуына әкеп соғуы да мүмкін;
  • Ағылшын дәрігерлері инфаркт болуы мүмкін науқастарға аспирин беруге тыйым салған;
  • Болжам бойынша, бұл құрсақ қуысына қан құйылу қаупін арттырады.
  • Күн сайын қабылдағанда тәуліктік мөлшері 75 мг аспауы керек. Айта кету керек, бұл да қан құйылу қаупін арттырады.

Сондықтан кішкентай ғана ақ таблетка тамаша емдік құрал болғанымен, оған аса мұқият болыңыз. Дәрі мен удың айырмашылығын оны ішу мөлшері ажыратады.

 

© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, Республика Казахстан г. Алматы, мкр. Керемет, дом 7, корпус 39, оф. 472
Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter