Астана
Сейчас
-9
Завтра
-7
USD
371.31
0.00
EUR
419.32
0.00
RUB
5.59
0.00

Бас прокурор қазақстандықтарды арандатушылыққа ұрынбауға шақырды

Қазақстанның жаңа Бас прокуроры Жақып Асанов ел халқын арандатушы ақпарат тарату жауапкершілігі туралы ескертіп, елде прокурорлық қадағалаудың күшейтілгенін хабарлады.

«Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Интернеттің қазақстандық сегмементіндегі әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге сату туралы арандатушылық сипаттағы көпе-көрінеу жалған ақпаратты тарату фактілері орын алды. Осындай әрекеттерге барғандар халықты рұқсат етілмеген жария акциялар өткізуге және оларға қатысуға шақыруда, сонымен қатар ол адамдар әлеуметтік және ұлтаралық араздық қоздыратын мақалалар жариялауда, —

деп атап өтті Бас прокурор.

Осыған орай, Бас прокуратура мұндай әрекеттердің қолданыстағы заңдылықты өрескел бұзушылық екенін. олар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер (ҚР Әкімшілік кодексінің 488 және ҚР Қылмыстық кодексінің 174, 274 және 400 баптары) қарастырылғанын ескертеді.
Еліміздің жоғарғы қадағалаушы органы ретінде Бас прокуратура ел азаматтары мен заңды тұлғаларды жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерге барудан аулақ болуға шақырады әрі ескертеді.
Бүгін

мен елдің бүкіл азаматтарын, әсіресе — журналистер мен желідегі қауымдастықты заңды мүлтіксіз орындауға шақырамын

Бас прокуратура барлық жерде прокурорлық қадағалауды күшейтеді.

Мен прокуратураның барлық аумақтық органдарына қоғамдық тәртіп пен қолданыстағы заңдылықтың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етіп, осы саладағы тәртіп бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жою бойынша тапсырма бердім.

Құқықтық тәртіп органдары айыптыларға қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейінгі заңда қарастырылған шараларды дереу қолдануға тиіс».

Орысшадан аударған Қайрат Матреков